Дәрігерлер кәсіби мерекеге орай марапатқа ие болды
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Дәрігерлер кәсіби мерекеге орай марапатқа ие болды

22 Июня 2015 (11:23) | 5532 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде жыл сайын адам жанының арашасы-дәрігерлердің төл мерекесі аталып өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында маңғыстаулық ақ желеңді абзал жандар да сый-құрметке бөленді.

    

Медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, марапаттау рәсіміне аймақ басшысы Алик Айдарбаев қатысты. Сонымен қатар адал еңбегі үшін құрметке бөленген дәрігерлерге арналған марапаттарды өлкеге арнайы келген медицина саласында жоғары дәрежеге ие болған, беделді ғалымдар тобы табыстады.

 

Салтанатты кеш бір топ дәрігерлер шырқаған «Ақ халатты абзал жандар» әнімен басталып, денсаулық сақшылары өздерінің өнерден де құр алақан еместігін көпшілікке паш етті.

 

Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев медицина қызметкерлеріне өлкенің халық денсаулығы саласын нығайту ісіне қосқан үлесі, адал да жемісті еңбектері үшін алғысын білдіріп, бір топ дәрігерге салалық министрліктің жоғары марапаттарын табыстады.

 

Ерекше наградаларға ие болғандар сапында 5 дәрігер-«ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісіне ие болса, 5 медицина қызметкері-«ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды, 2-дәрігер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Құрмет Грамотасын иеленді, 2 абзал жан-сала министрінің Алғыс хатына ие болды және 10-денсаулық сақщысына Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

 

Аймақтың медицина саласының Ардагерлер Қоғамының төрағасы С.Ш.Кузанов 3 дәрігерге «Еңбек ардагері» және 10-ақ халатты абзал жанға «Пирогов» медалін табыс етті.

 

Салтанатты кештің соңына дейін өнерлі медицина қызметкерлері шырқаған әсем әндер мен күмбірлеген күй сазы мерекелік шараның шырайын келтірді.

 

Мерекелік марапаттаулар қатарында бірқатар денсаулық сақшылары ерекше құттықтауларға ие болды. «Кәсібіне адалдығы үшін» номинациясы бойынша марапат-Ақтау қалалық №2 емханасында 50 жылдан бері терапевт-дәрігер қызметін атқарған Звездина Нина Ивановнаға табысталды. Марапатты-Ұлттық ғылым Академиясы және Медицина ғылымдары Академиясының академигі, Республика ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Англия мемлекеті, Кембриджде «21 ғасырдың аса жоғары интеллектуалы» атағына ие болған,, «Евразия қоғамының «Алтын қандауыр» атағының иесі, Маңғыстаудың құрметті азаматы, медицина ғылымының докторы, профессор, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің хирургия кафедрасының меңгерушісі Ізімбергенов Намаз Ізімбергенұлы табыстады.

 

 

«Адам өмірін сақтап қалуда жасалған ерекше ота үшін» номинациясы бойынша құрметке Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Тумашев.

 

Сұлтанбек Мирханұлы ие болып, жоғары дәрежелі сыйлықты М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті, медицина ғылымының докторы Доспаев Асқар Сұлтанұлы тапсырды

 

«Санитарлық авиация саласын дамытудағы үлесі үшін» аталымы бойынша марапатқа Қарақия аудандық ауруханасының «Сенек» ДА дәрігері Ж.Мингирова, мейірбике Ж. Дюсембаева, жүргізуші Е.Бақтыбаевтар лайық деп танылып, оларға сыйлықты - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық нейрохиргиялық орталығының бөлім меңгерушісі Сагымбаев Аскар Алимжанұлы табыстады.

 

«Заманауи ақпараттық технологияны енгізудегі үлесі үшін» марапатталған Облыстық перинаталдық орталығы марапатты Астана медицина университетінің проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Хайрли Гафур Зинуровичтың қолынан алды.

 

«Жекеменшік медицинаны дамытудағы үлесі үшін» номинациясымен «Нейрон» медициналық орталығын-академик Б.Джарбусынов атындағы ғылыми орталығының урология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Макажанов Марат Абзалұлымарапаттады.

 

«Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті дамытудағы үлесі үшін» марапатқа Ақтау қалалық №2 емханасы ие болды. Марапатты      медицина ғылымының кандидаты, доцент, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің гепатология орталығының директоры Құрманғазин Мейрамбек Сағынайұлы табыс етті.

 

Аталмыш мерекелік кеште аймақтық «Үздік маман» сайысының 7 жеңімпазы да анықталды. Жүлдегерлер Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Руслан Фаризунұлы Бектубаевтың өзі табыс еткен әртүрлі. марапаттарға ие болды.

 

Олардың қатарында «Үздік дәрігер» атағын Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының емхана меңгерушісі Сариева Жанар Азатқызы жеңіп алса,

 

«Үздік ауыл дәрігері» номинациясының жеңімпазы болыпТүпқараған аудандық орталық ауруханасы, «Ақшұқыр» дәрігерлік амбулаториясының Жалпы тәжірибелік дәрігері Дарибаева Гүлнар Азирхановна танылды.

 

«Үздік фельдшер» атағына Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Акишева Қарлығаш Исламбекқызы лайық деп танылса, «Үздік мейірбике» атағы Маңғыстау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің аға мейірбикесі Бекболатова Сония Байедиловнаға бұйырды.

 

«Үздік денсаулық сақтау менеджері» болып Жаңаөзен қалалық №2 емханасының бас дәрігері Самаликова Нина Разжановна танылса, «Үздік провизор атағын

 

Провизор, жеке кәсіпкер Умирзакова Айгүл Нұрлановна иеленді.

 

«Үздік эксперт» болып Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті емханасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Есенова Анара Закаряевна танылды.

 

Кез-келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең игі, мейірімді, ардақты мамандық-дәрігер мамандығы екені баршаға аян. Еліне адал қызмет етіп, халық денсаулығын сақтау жолында аянбай тер төгіп жүрген абзал жандар-медицина қызметкерлері, баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, еңбектеріңіздің жемісін көріп, алғысқа бөлене беруіңізге тілек қосамыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему