Маңғыстау мектептері бейнекамералармен қамтамасыз етеді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 07:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау мектептері бейнекамералармен қамтамасыз етеді

2 Июля 2021 (11:44) | 1826 | Автор: Редакция

Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіге Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Светлана Төлебаева қатысты. Оның айтуынша, өткен жылы жергілікті бюджеттен 125,6 млн. теңге бөлініп, 94 мектептің бейнебақылау жүйесі жаңартылған.

«Полиция департаменті мамыр айында облыс мектептеріндегі бейнекамералардың жұмысына, қолданыстағы стандартқа сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Бейнекамералардың рұқсат ету қабілетінің сәйкес келмеуі, ақпарат жадының 30 тәуліктен аса сақталмауы, жедел  басқару орталығына қосылмауы секілді талапқа сай емес жағдайлар анықталды. Ақтау қаласы бойынша 24, Жаңаөзен қаласы бойынша 19 мектепке мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдық жерде орналасқан  44 мектепте  бейнекамералардың үздіксіз жұмыс істеу көзінің болмауы да анықталып отыр. Кемшіліктерді жою үшін қосымша ішкі қаражат есебінен 85 млн. теңгеге  567 бейнекамера алынатын болады»,-деді Светлана Төлебаева.

Бүгінде Ақтау мен Жаңаөзен қаласындағы 39 мектеп полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. 1 тамызға дейін 14 мектептің бейнебақылау жүйесін жедел басқару орталығына қосу жұмыстары аяқталады. Ал аудан мектептері басқару орталығына кезең-кезеңмен қосылатын болады.

«Қазіргі уақытта Цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп ауылдық мектептердің бейнекамераларын тесттік режимде қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде Ақтауда, Мұнайлы, Маңғыстау және Түпқараған ауданынының 30 мектебіне дабыл тұтқасы орнатылды.  111 мектепке дабыл тұтқасын орнату үшін ішкі қаражат есебінен 29 млн. теңге қаралды. 15 шілдеге дейін Маңғыстау, Түпқараған, Мұнайлы ауданының 44 мектебіне, Жаңаөзен қаласының, Бейнеу мен Қарақия ауданының 62 мектебіне және 5 облыстық мектепке дабыл тұтқасы қойылады.  Облыстың 7 мектебінде турникеттер орнатылған. Жаңаөзен қаласының 15 мектебінде демеушілік есебінен турникеттер орнатылады. Жаңа оқу жылының алдында Төтенше жағдайлар және Полиция департаменті өкілдерінен құрылған комиссия білім беру ұйымдарының дайындығын тексереді. Қауіпсіздік мәселелері ұдайы бақылауда болады»,-деді Светлана Төлебаева.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему