Қостанай облысының зардап шеккен тұрғындарына көмек жинау жалғасуда
5 Сентября 2022 (15:06) | 1846 | Автор: Редакция
«AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына көмек жинап бастады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
-Тілсіз жаудың салдарынан Қостанай жұрты қазір үлкен қауіп-қатермен күресуде. Осы орайда бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін ашуда. Ақтау қаласы бойынша көмек қабылдау пункті партияның Ақтау қалалық филиалы 17 шағынаудан, 50/1 ғимараттың 1-қабатында орналасқан, деді «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұрбек Қарасаев.
Көмек пункттері барлық қалалық, аудандық партия филиалдары жанынан да ашылды. Көмек қолын созамын деген азаматтар болса мекен-жайы, байланыс нөмірлері төменде көрсетулі.
#ҚОСТАНАЙҒАКӨМЕК #CCS #ҚКО #ЦОК
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему