Маңғыстауда жолдарды қайта құру жұмыстарына 34 млн теңге жұмсалды
21 Января 2023 (18:01) | 2021 | Автор: Редакция
Бұл туралы ұлттық жол сапа орталығының баспасөз қызметі хабарлайды. 2022 жылы аймақта автомобиль жолдардың жалпы көлемі 11 мың шаршы метрді құрайтын негіз және асфальтбетон жамылғы қабаттары қайта төселді.
Нақты айтсақ, Шетпе-Қызан жолының 49-85 шақырымы (Тасмұрын - Мәстек аралығы), сондай-ақ Форт-Шевченко қаласында көше жолдарын салу жобалары бойынша қайта құрылымдау жүргізілді. Бұған жол құрылысы материалдарынан алынған кейбір сынамалардың нормативті құжаттар талабына сәйкес келмеуі себеп.
Өткен жылы Маңғыстауда атқарылған жұмыс сапасын бақылау кезінде 31 нысан қамтылды. Орталық қызметкерлері облыс көлеміндегі жолдарда 185 рет тексеру шарасын өткізген. 1584 сынама іріктеліп алынса, соның 202-сі талаптарға сәйкес келмей шықты. Сондай-ақ 29 ақаулық табылды.
«2022 жылы республикалық және жерлілікті маңыздағы жолдардың құрылысында қолданылатын битум сапасына бақылау жасалды. 28 сынама (Фраас бойынша сынғыштық температурасы және 163℃-та қыздырғаннан кейінгі жұмсару өзгерісін қарау) зертханалық сынақтан өткізілді. Нәтижесінде, 2 сынама нормативті техникалық құжат талабына сәйкес келмеді. Сондай-ақ былтыр Маңғыстауда жалпы ұзындығы 890 километр жолдарда жылжымалы жол зертханасымен аспаптық диагностикалау жасалды. Филиал қызметкерлері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда және қала көшелерінде тұрған 438 жол белгісін тексерді. Анықталған ақаулықтар мен сапаға сәйкес келмеушіліктер қызметтік хат түрінде тиісті органдарға жолданды» - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему