«Қауіпсіз жол» апталығы
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 12:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Қауіпсіз жол» апталығы

27 Мая 2015 (12:02) | 2424 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда бүкіләлемде адамдардың жарақат алу проблемасы өзекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде жыл сайын жарақат салдарынан 3,5 млн адам көз жұмады. Ірі қалаларда балалар жарақаты 3 есе жиі орын алатыны және оның соңы қайғыға алып келетін алаңдатарлық жағдай. Осыған орай, өңірде мамырдың 18-і мен 25 аралығында «Қауіпсіз жол» апталығы өтті.

 

Қазақстанда және сонымен бірге Маңғыстау өңірінде өлім-жітім себебінен травматизм алғашқы үштікке енеді. Мамандардың пайымдауынша, өлім-жітім бойынша бірінші орында жүрек-қан тамырлары сырқаттары болса, екінші орында-онкологиялық аурулар, ал үшінші орында-бұл травматизм.

 

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Абуғаппарқызы Оралбаева:

 

-«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштерінің бірі-жарақаттанудан болатын өлім-жітім санын азайту. Біздің облысымызда да осы бағытта аумақты жұмыстар жүргізілді. Мысалы, республикалық жолдарға жақын орналасқан елді мекендерде травматологиялық пункттар ашылып, ауруханалардың хирургиялық бөлімдерінде травматологиялық төсектер қарастырылды.

 

Атап айтқанда, Бейнеу және Жетібайдағы аудандық ауруханаларда травматологиялық бөлімшелер қарастырылып, онда мамандар бекітіліп, осы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында орта буын медицина қызметкерлері оқытылып, қазір өз әрекеттерін жүргізуде.

 

Бүгінгі біздің өткізгелі отырған дөңгелек үстел отырысы осы травматизм мәселесіне арналып отыр. Бұл жердегі ерекшелігі-бізге келген ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйновичтің басшылығымен осы шара өткізіліп отыр.

 

Өзекті мәселе-жастар арасында, балалар арасында болатын жарақаттануды төмендету және одан болатын келеңсіз жағдайларды, өлім-жітім, асқынуларды азайту мақсатында алынып отырған шара.

 

Бұл бағытта «Жол қауіпсіздігі бойынша Ассоциация» жұмыс жасауда. ДДҰ-ның өкілімен бірлесе отырып, мектеп, балабақшаларда сабақтар өткізіп. қандай жағдайларда осындай оқиғаларды болдырмау мүмкін. оның алдын алу үшін жолда жүру ережесін сақтауда сауаттылықтың қандай мәні бар-міне осы мәселелерге арналған біраз шаралар ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде де осыған көңіл бөлінетін болады,-деп мәлімдеді.

 

Шараға тек денсаулық сақтау мамандары ғана емес, сонымен қатар сала аралық және сектор аралық ведомстволардың мамандары, яғни ІІД-нің, білім беру саласының өкілдері қатысты.

 

Түрлі сала мамандары дөңгелек үстелде бас қосып, жарақаттанудың алдын алуға байланысты ойларын ортаға салды. Олардың айтуынша, адамзаттың алатын жарақаттарының-25 пайызы балалардың үлесінде екен. Көп жағдайда жарақаттану соңы мүгедектікке алып келіп жататыны да жасырын емес. Балалар тіпті қайғылы жағдайға душар болып жатады. Сондықтан, жиында жолда жүру ережесін сақтап, жарақаттың санын азайту керектігі сөз болды. Клара Абуғаппарқызының мәлімдеуінше, «Облыс бойынша жарақаттанғандар 2013-ші жылы 62,2 пайызды құраған болса, 2014-ші жыл бұл көрсеткіш 13 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, жол апаты салдарынан болатын жарақаттың да көрсеткіші 3,4 пайызға азайған».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему