Аймақтағы обаға қарсы күрес станциясының құрылғанына жарты ғасыр толды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 19:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақтағы обаға қарсы күрес станциясының құрылғанына жарты ғасыр толды

27 Июля 2017 (18:24) | 2191 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясы 50 жылдық мерейтойын атап өтті. М. Өсінбаев атындағы филармония залында өткен салтанатты шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева, облыстық обаға қарсы күрес станциясының басшысы Мұратбай Майлыбаев, медицина саласының ардагерлері қатысып, әріптестерін жарты ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

 

 

-Өткен ғасырда адамзат баласына үлкен залалын тигізген оба дертімен күрес қызметінің әлі күнге дейін маңызы сол қалпында.

 

Тарихи түбек Маңғыстауда ең алғаш рет 16 ғасырда обаға ұқсас аурумен жаппай қырылу дерегі тіркелген болатын...

 

Облыстық обаға қарсы күрес станциясының көлемді тарихының сындарлы жылдары 1967 жылдан басталған еді. Маңғыстаудағы оба дертіне күресте ең алғашқылардың қатарында бүгінгі шараның қадірлі меймандары ардагер-дәрігерлеріміз болатын.

 

Әсіресе тырысқақ, оба сияқты аурулардың алдын алуда ерінбей еңбек еткен ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор.

 

Осыдан 18 жыл бұрын Бейнеу ауданының Сам құмында оба өршуі болған еді. Қатарынан бес адам ауру жұқтырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық обаға қарсы күрес станциясы, Бейнеу аудандық ауруханасының дәрігерлері өздерінің ерен еңбектерін көрсетті. Эпедемияны тоқтатуға бар күштерін салды.

 

Облыстық обаға қарсы күрес станциясының ағарту жұмысының нәтижесінде осы пайда болған ошақты дер кезінде жоюға мүмкіндік туды. Станция қызметкерлері ауыл-ауылды аралап, обаны анықтаудың, пайда болған кезде қандай шаралар қабылдануы қажет екендігін халыққа түсіндірді.

 

 

Міне, осындай біріккен шаралардың арқасында оба ошағы тоқтатылып, адамдар аман қалды...

 

Құрметті ақ халатты абзал жандар, ардагерлер Сіздерді бүгінгі мекеменің мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Клара Оралбаева.

 

Тарихқа көз салсақ, аймақта тұңғыш рет обаға қарсы күрес пункті 1939 жылы Форт-Шевченко қаласында ашылған. Араға 28 жыл салып КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бұйрығына сәйкес облыстық обаға қарсы күрес станциясы құрылып, Ақтау қаласына ауыстырылған.

 

Жарты ғасырлық тарихы бар мекемеде бүгінгі таңда 123 адам еңбек етуде. Станцияның бактериологиялық зертханасы оба, тырысқақ, бруцеллез, сібір күйдіргісі, сонымен қатар листериоз, пастереллезді анықтау бойынша зерттеулер жүргізеді.

 

Одан бөлек, станция зертханасымен жыл сайын обаның алдын-алу үшін 26500-ге жуық жабайы аңдарға, 43 мыңнан астам кенеге және бүргеге зерттеулер жүргізіліп отырады.

 

Маңғыстау облыстық обаға қарсы күрес станциясының басшысы Мұратбай Майлыбаев:

-Қуана айтатын жаңалық - 14 жылдың ішінде біздің облыста оба, тырысқақ дерті тіркелген жоқ. Соңғы рет оба індеті 2003 жылы Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында анықталды.

Тырысқақ ауруы болса, 2001 жылы тіркелді. Науқастар толықтай емделді. Негізінен, оба ауруының инфекциясы табиғаттағы жабайы кеміргіштерде сақталады. Бірінші залалданған адамда оба бубонды, септикалық немесе біріншілік өкпелік формасы түрінде өтеді,-дейді.

 

Салтанатты шарада «Еңбек ардагері» медалімен станция дәрігері Ибрагим Акимов, денсаулық сақтау министрлігінің төс белгісімен обаның алдын-алу және диагностика зертханасының меңгерушісі Руслан Мұхтаров марапатталды.

 

Одан бөлек облыста оба дертінің алдын алу жұмыстарына зор үлес қосқан біраз дәрігерлерге Құрмет граммоталары мен Алғыс хаттар табысталды. Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему