2020 жылы Маңғыстау облысының бюджеті 210 млрд теңге болып бекітілді
21 Декабря 2019 (09:47) | 2874 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев айтты.
2020 жылға арналған облыс бюджеті 210 МЛРД.ТЕҢГЕ көлемінде бекітілді (РБ – 50 млрд.теңге, ЖБ – 160 млрд.теңге). Бұл осы жылдың бекітілген бюджетінен 17 млрд.теңгеге немесе 9%-ға артық.
Қолданыстағы салықтық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттің кірістер базасына шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін корпоративті табыс салығы берілді. Бекітілген бюджет көлеміндегі аталған салықтың үлесі 13 млрд.теңге.
Облыс - республикалық бюджеттің доноры. 2020 жылға белгіленген бюджеттік алымдар көлемі – 8,2 млрд. теңге (2019 жыл – 35,4 млрд.теңге).
Бюджет құрылымының негізгі үлесін 60% әлеуметтік сала шығыстары құрайды - 123 млрд.теңге (2019 жыл - 108 млрд теңге) немесе өсім 14%.
Суретті түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему