Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды
6 Февраля 2017 (17:15) | 1163 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қалалық сотымен сотталушы Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралған.
Сот талқылауында сотталушы Г., өзінің Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 08.12.2016 жылғы қаулысымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, 25 желтоқсан 2016 жылы, сағат 04.00 шамасында Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, №13 үйіне қарама-қарсы тас жолда, автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.
Соттың үкімімен Г. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны 3 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 53 025 теңге айыппұл жазасы тағайындалған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему