Ақтауда ерлер денсаулығына арналған маңызды жиын өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 14:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда ерлер денсаулығына арналған маңызды жиын өтті

19 Мая 2015 (09:38) | 1881 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығында ерлер денсаулығын сақтаудың басты мәселелерін талқылауға арналған ғылыми форум ұйымдастырылды. Оған қатысқан уролог, кардиолог және эндокринолог дәрігерлерге республиканың түрлі аймағында бірнеше жылдардан бері табысты жұмыс жасап жатқан «Ерлер денсаулығы мектебінің» бағдарламасы таныстырылды.

 

Жиынды ашу сәтінде сөйлеген сөзінде, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рулан Фаризунұлы Бектубаев:

 

-Ерлердің өмір сүру ұзақтығы әйелдермен салыстырғанда 10%-ға қысқа болып келеді. 75 жасқа дейінгі жас мөлшеріндегі ерлердегі қатерлі ісік сырқатынан болатын өлім-жітімнің саны әйелдерге қарағанда 2 есе артық.

 

Ерлер әйелдерге қарағанда дәрігерге үш есе аз көрінеді, осының салдарынан сырқаттарды ерте анықтаудың мүмкіндігі азаюда,-деп атап өтті.

 

Статистикалық мәліметтер бойынша, жаңа туылған сәбилердің арасындағы өлім-жітім қыз балаларға қарағанда ұл балалардың арасында 3 есеге артық кездеседі.

 

Ер азаматтар жүректің ишемиялық сырқатына 3 есе жиі ұшыраса, әйелдермен салыстырғанда сусамыр ауруына 6 есе көп шалдығатын көрінеді. Соңғы 5 жылда ерлердегі қуық асты безінің қатерлі ісігінен болған өлім-жітім, әйелдердегі сүт безі обырынан болған өлім-жітіммен салыстырғанда екі есе артық тіркелген.

 

 Қазақстан Республикасындағы жалпы өлім-жітім санынан ерлер алдыңғы орында, ол жүрек-қан тамырлары ауруларының кең таралуына байланысты.

 

Бүгінгі таңда ерлерде жиі кездесетін сырқат-қуық асты безінің қабынуы-әлеуметтік мәселеге айналып отыр.

 

Жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында республиканың бас урологы, «Б.О.Жарбосынов атындағы ҰҒО» Бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Алшынбаев:

 

-«Ерлер денсаулығы мектебінің» бағдарламасы Қазақстанда 10 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Алғашында бұл орталық ерлер сырқаттарының алдын алу мақсатында ашылғанмен, оған келгендердің 90 пайызы емделу үшін келген. Яғни, көптеген азаматтардың денсаулығы сыр берген, бүгінгі таңда көптеген ерлерде жиі кездесетін сырқаттардың бар екені анықталуда.

 

Жұмысымыздың жақсы нәтижесі де көрінуде. Былтырғы жылдың өзінде аталмыш орталық арқылы 30 мың ер азамат емделді.

 

Еліміздің барлық аймақтарында ерлердегі кездесетін сырқаттар дерлік бірдей. Ал Маңғыстау өңіріндегі ер азаматтардағы ауруларды талдар болсақ, мұнда зәр жолдарына тас байлану сырқаттары көбірек тіркелуде, себебі мұндағы климат пен экология, яғни су, ауа, жоғары ылғалдық сияқты атмосфералық факторлар да ерлердің денсаулығына өзіндік әсерін тигізуде,-деп мәлімдеді.

 

Ғылыми форумда жергілікті дәрігерлер алдында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Е.Зельцер және ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Кардиология және Ішкі аурулар Ғылыми-зерттеу Институты» директорының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы Жүнісбекова Гүлнәр Әлдешқызы баяндама жасады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему