Салықтық рақымшылық 2020 жылдың соңына дейін
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 19:14
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Салықтық рақымшылық 2020 жылдың соңына дейін

23 Сентября 2020 (14:02) | 2742 | Автор: Редакция

5747 жеке тұлға бойынша 13,3 млн теңге сомасындағы өсімақы есептен шығарылды, бұл ретте 62,1 млн теңге сомасындағы негізгі қарыз бойынша түсті.

 

 

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. 

 

Қазақстан Республикасының тұрғындары салықтық рақымшылықты қолдана алады! Бұған жер, мүлік немесе көлік қарызы бар адамдар жатады.

 

 - Заңда негізгі қарызды 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін өтеген жағдайда 2020 жылдың 1 сәуіріне есептелген өсімпұлды есептен шығару туралы жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық қарастырылған. Салық кезеңі ішінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін мүлік, жер және көлік салығына қатысты – деді МКД Өндірістік емес төлемдер басқармасында.

 

Салық берешегін «Егов» электрондық үкімет порталында, «e-Salyq mobile» мобильдік қосымшасында, сондай-ақ салық төлеушінің кабинетінде тексеруге болады.

 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 5747 жеке тұлға бойынша 13,3 млн.теңге сомасындағы өсімақы есептен шығарылды, бұл ретте 62,1 млн.теңге сомасындағы негізгі қарыз бойынша түсті.

 

Аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына келудің қажеті жоқ, –деп хабарлады департаменттен. Өсімақылар, негізгі борыш сомасын өтеген кезде автоматты түрде есептен шығарылады. Белгілі болғандай, 2019 жылдың жер және мүлік бойынша салығы – төлем 2020 жылдың 1 қазанға дейін төленеді. 2020 жылдың көлік бойынша салығы – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

 

Құрметті қазақстандықтар  салықтық рақымшылықты пайдаланып үлгеріңіз!

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему