Уфадан Ақтауға алғашқы чартерлік рейс келді
27 Июня 2022 (20:12) | 1802 | Автор: Редакция
Ақтау әуежайына Уфадан алғашқы чартерлік рейс бүгін таңертең қонды. Башқұртстан астанасынан 100-ден астам турист келді,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.
Туристерді “Rixos Water World Aktau” қонақ үйі қарсы алды.
Туристік орталық мамандарының айтуынша, биыл Қазақстанға ресейліктердің қызығушылығы өскен. Әсіресе, мың бояулы Маңғыстау өлкесін көруге сұраныс жоғары.
- Бастысы, Каспий теңізі, Ақтаудағы жағалаулар, тау-тастар қызығушылығымызды оятты. Ғаламтордан да ақпараттар жинадық. Мұнда көруге тұрарлық орындар жеткілікті екен. Бұйырса бәрін аралауға тырысамыз,-деді туристің бірі Андрей.
Туристер Маңғыстаудағы Жығылған, Қарақия ойпаттарына, Қапамсай каньонына, Қараман Ата қорымына, жерасты мешіттеріне бармақ.
Уфадан Ақтауға рейстер енді аптасына бір рет - дүйсенбі күні қатынайды. Жолаушыларды Sukhoi Superjet 100 ұшағы тасымалдайды. Билеттер мен турларды сатуды "ANEX Tour" туристік операторы жүргізеді.
Осыған дейін өңірде Екатеринбургтен тұрақты рейс іске қосылған болатын. Ақтау - Қазақстандағы төртінші қала болды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему