Маңғыстаулық өртсөндірушілер «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық науқанын ұйымдастырды
2 Июня 2019 (14:10) | 1714 | Автор: Нурганым Имашева
Балаларды қорғау күні қарсаңында өрт сөндірушілер облыстық мамандандырылған балалар үйіне барды.
Әлеуметтік мекемеде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, уақытша балалар үйіне орналастырылған балалар тәрбиеленуде. Қызметкерлер мен балаларды мерекемен құттықтай отырып, Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Еркінбек Нұрғали құтқарушылар атынан балалар үйінің бас дәрігері Ермұханова Сару Мұхамбетқалиқызына балалар кереуеті мен сурет табыс етті.
Мереке күні Қызмет құтқарушылары облыстың барлық аудандарында қайырымдылық науқанын өткізді.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему