Главное » Тыныс
“Ойлы болсаң, озып көр!” атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы интеллектуалдық сайыс
14 Июня 2023 (15:57) | 1844 | Автор: Редакция
9 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында “Ойлы болсаң, озып көр!” атты интеллектуалдық сайыс болып өтті. Іс-шара 23 Маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні аясында өткізілді.
Сайысқа Ақтау мен Жаңаөзен қалалары, Бейнеу, Түпқараған, Маңғыстау, Қарақия, Мұнайлы аудандары әкімдіктерінің қызметшілері қатысты.
Мемлекеттік қызметкерлер топты таныстыру, эрудициялық сұрақтар, ситуациялық тапсырмалар және үй тапсырмасы, яғни шығармашылық кезеңдерден өтіп бақ сынасты.
Кіріспе сөзінде аумақтық департамент басшысы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов сайыстың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің эрудициялық, интеллектуалдық ой-өрісін кеңейту екендігін баса айтты.
Сайыс нәтижесі бойынша топтар арасында бірінші жүлделі орынды Мұнайлы ауданының әкімдігі, екінші орынды Түпқараған ауданының әкімдігі, ал үшінші орынды Жаңаөзен қаласының әкімдігі иемденді. Өз кезегінде Ақтау қаласының әкімдігі үздік номинацияға қол жеткізді.
Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
КОММЕНТАРИИ:
Добавить комментарий
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
Зарегистрируйтесь или войдите в систему