«Жастар жылын» қариялардан ақ бата алумен бастады
1 Января 2019 (18:23) | 2278 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау жастары Елбасы айтқан «Жастар жылын» үлкендердің ақ батасын алып бастады.
Халқымыз ұрпағын бала кезінен үлкеннің алдын кесіп өтпей, жасы үлкенді құрметтеуге, ақ батасын алуға тәрбиелеген.
2019 жыл – «Жастар жылына» Маңғыстау жастары ата салтын сақтаумен, ақсақал атамыздың ақ батасын алумен қадам жасады.
Үлкендердің шаңырақтарына арнайы барған бір топ белсенді жастар алдымен жасы тоқсаннан асқан Лепес қажы мен Ұлы Отан соғысының ардагері Үмбеталиқызы Қамқа анамыз сынды қазыналы қарияларымыздың ақ баталарын алды.
-Ақсақалдардың батасы қабыл болсын!
Лепес қажы атам бірнеше мәрте елдің амандығын, тыныштығын батасында қайталады. Атамның дуалы ауызынан шыққан елдік сөзі сондай руxты болды.
Тұғыры биік тәуелсіздігіміздің болашағы, дамуының негізі біздер, яғни жастар екенін, жастардың "мойнындағы ауыр жүктің" бар екенін, осы ретте бірліктің керектігін батамен жеткізді.
Ақсақалдарымыздан бата алып, бір жасап қалдық! Шүкір! Қабыл болсын!-дейді Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының «Шығармашылық бөлімінің» басшысы, «Еріктілер корпусының» жетекшісі, өңірдегі ең белсенді, жалынды жастардың бірі де бірегейі Мұқаш Уралбаев.
Видеоны түсірген Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему