Үй жануарларына арналған қонақүй ашылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 14:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үй жануарларына арналған қонақүй ашылды

13 Октября 2015 (09:29) | 1697 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Ақшұқыр ауылында үй жануарларына арналған қонақүй ашылды. Соның арқасында ауыл тұрғындарының ит пен мысығын сенімді қолдарға тапсырып, алыс сапарға алаңсыз аттануына мүмкіндік туып отыр. Төртаяқтылардың уақытша баспанасы малдәрігерлік емхана жанынан бой көтерген. Мұнда жан-жануарларды дәрігерге қаратып қана қоймай, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, ота жасауға да болады.

Мұхит Жәнібеков «Z» деп атаған төртаяқты досын барынша күтіп-баптайды. Сенімді серігіне айналған иті отбасының бір мүшесі секілді. Тағамның дәмдісін аузына тосып, денсаулығын бақылауда ұстайды. Бүгін түрлі ауруларға қарсы екпе салдыру үшін емханаға ертіп әкеліпті.

Мұхит Жәнібеков, ауыл тұрғыны:

-Қалаға барасың, рентгенге түсіру үшін басқа жерге барасың. Дәрігерге ине салдыру үшін тағы бір жерге барасың. Ендігі жақсы болды. Ауылдық жерде. Бөлек аулада рентген де осы жерде бар. Барлық ем-дом да осы жерде жасалады. Өте ыңғайлы болды. 

Мұхиттың жағдайын Алина да бастан кешірген. Бір кездері екі итін емдету үшін облыс орталығына қарай сабылатын. Көрген қиындығы кәсіпкерлікпен айналысуға түрткі болды. Өз ауылынан малдәрігерлік емхана ашты. Жанында үй жануарларына арналған 6 тор бөлмелі қонақ үйі де бар.Мұнда ауыл тұрғындарының ит пен мысығын, құстарын сенімді қолдарға қалдырып, алыс сапарға алаңсыз аттануы үшін барлық жағдай жасалған.

 

 

Алина Шарипова, малдәрігерлік емхана директоры:

-Біздің мақсатымыз табыс табу ғана емес, ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау. Тұрғындар үй жануарларын уақытша қалдырып кете алады.Ауырып қалған жағдайда да осында жатқызып емдейміз. Енді келешекте тор бөлмелердің санын көбейтіп, түйе, жылқы секілді ірі қараларды да емдеуді қолға алмақпыз.

 

 

Малдәрігерлік емханада тұрғындар үй жануарларын ветеринарға қаратып, түрлі ауруларға қарсы екпе салдырта алады. Зертхана және рентген, ультрадыбыстық зерттеу бөлмесі де бар. Тіпті, жан-жануарларға ота да жасалады. Жеке кәсіпкер Алина Шарипова келешекте кәсібінің аясын кеңейту үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген несие алуды жоспарлап отыр.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему