Маңғыстауда былтыр МӘМС бойынша медициналық көмекке 66,2 млрд теңге жұмсалған
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 18:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда былтыр МӘМС бойынша медициналық көмекке 66,2 млрд теңге жұмсалған

20 Апреля 2023 (18:03) | 1559 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысында 2022 жылы МӘМС бойынша медициналық көмекке 66,2 млрд теңге жұмсалған. Атап айтсақ, 37,9 млрд теңге қаржы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне, ал 28,3 млрд теңгесі МӘМС жүйесіне бағытталған. Бұл туралы Қоғамдық коммункация орталығында өткен брифингте «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Елдеш Қосмағанбетов хабарлады.

Спикердің айтуынша, МӘМС есебінен 6 млн-ға жуық консультация беру мен диагностикалау жүргізілді. Нәтижесінде, ауыл тұрғындарына 2,5 млн қызмет түрлері көрсетіліп, 4,1 млрд теңге жұмсалған. Сонымен қатар, медициналық оңалтуға 2,6 млрд теңге бағытталып , халыққа 362 мыңнан астам оңалту қызметі ұсынылған.

-МӘМС жүйесі аясында дәрі-дәрмекпен тегін қамту қарқыны артты. Бұрын науқастар үшін 45 ауру түрі бойынша дәрілік препараттар қолжетімді болса, қазір 138 ауруға байланысты дәрі-дәрмекпен қамту жүйелі жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік сақтандыру қорынан жоспарлы түрде 61 189 пациент емделіп, оған 11,7 млрд теңге жұмсалды, - деді Елдеш Қосмағанбетов.

Сондай-ақ, спикер брифингте әлеуметтік сақтандыру қоры тұрақты түрде халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізетінін айтып өтті.

-Былтыр қор филиалына тұрғындар тарапынан 1 390 өтініш келіп түсті. Оның 826 – ы шағымдар. Азаматтардың көбісі медициналық көмектің сапасы мен медициналық ұйымның ақпараттық жүйелерінде көрсетілмеген қызметті көрсетілді деген жалған ақпаратқа көңілі толмайтынын айтады. Аталған өтініштер мен шағымдарға ресми жауап алу үшін және тиісті шаралар қабылдау үшін 1406 байланыс орталығына немесе «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы мен www.fms.kz сайты арқылы өтінім қалдыра аласыз, - деді Елдеш Қосмағанбетов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему