Мемлекеттік қызмет: ЖОО үздік тәмамдаған жастар жұмысқа конкурссыз қабылданады
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекеттік қызмет: ЖОО үздік тәмамдаған жастар жұмысқа конкурссыз қабылданады

17 Февраля 2023 (15:21) | 2393 | Автор: Редакция

Биылдан бастап мемлекеттік қызмет туралы заңға бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Соның бірі енді жоғары оқу орнын үздік тәмамдаған жастар аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.

 

Спикердің айтуынша, жаңашылдықтардың басты мақсаты мемлекеттік қызметке кірудегі артық кедергілерді жою.

 

-Бірінші жаңашылдық енді жоғары оқу орындарын үздік тәмамдаған грант иегерлері конкурстық іріктеуден өтпей-ақ, аудандық немесе ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметтің төменгі сатысына жұмысқа орналаса алады. Бұл өз кезегінде, аудандар мен ауылдарда жас мамандардың қажеттілігін азайтуға, сондай-ақ, мемлекеттік қызметке тұру процестерін жеңілдетуге септігін тигізеді, - дейді Тоқтамыс Жұмағұлов.

 

Екінші жаңашылдық уәкілетті органның келісімі бойынша конкурстық іріктеусіз жоғары лауазымдарға тікелей тағайындау мүмкіндігі беріледі. Бұл өз кезегінде тікелей басшылардың өз қызметкерлері үшін жауапкершілігін күшейтпек.

 

Үшіншіден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектері оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде елорданы қоспағанда, жергілікті органдарға жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалмақ.

 

-Төртіншіден, екі тоқсан бойы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Ал төменгі бос лауазым болмағанда – қызметтен шығарылады. Бұл аппаратты тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден босатуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді, - дейді Тоқтамыс Жұмағұлов.

 

Сондай-ақ, брифинг барысында спикер мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында барлығы 2975 заңбұзушылық анықталғанын айтты. Атап айтқанда, құжаттардың толық болмауы бойынша 666 және артық құжат сұрату бойынша 841  бұзушылық белгілі болған.

 

Сонымен қатар, заңбұзушылықтардың жиі орын алатын салаларына: еңбек және әлеуметтік қорғау – 639, Жер қатынастары – 641, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 211 кіреді.

 

Заңбұзушылықтарды жою бойынша 540 ұсынымдар енгізіліп, барлығы толықтай орындалған. 46 қызметші тәртіптік жазаға тартылан.

 

2022 жылы Маңғыстау облысында 8 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.  Оның ішінде, 67,8% электрондық түрде көрсетілген.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему