Кеңес өз қызметін - профилактикалық бағытта жалғастыруда
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кеңес өз қызметін - профилактикалық бағытта жалғастыруда

31 Марта 2023 (16:02) | 2121 | Автор: Редакция

Жуырда Маңғыстау облысындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Бұл жолы әдеп кеңесінің мәжілісінде жалпы 4 мәселе талқыға салынды.


Атап айтқанда, 2022 жылы конкурс өткізу мәселесіне қатысты арыз-шағымдар басым түскен бағыт бойынша Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаевтың есебі тыңдалды.


Есепте Маңғыстау облысы әкімі аппаратында  2022 жылы жарияланған бос орындар саны мен аяқталған конкурстық рәсімдер бойынша соның ішінде мемлекеттік органның қызметкерлері арасындағы ішкі  конкурс және жалпы  конкурс туралы, болып өткен конкурстық рәсімге қатысушы тәуелсіз бақылаушылар және сарапшылардың қатысуы мен конкурстар барысында орналаспаған бос орындардың толтырылмауының себептері аталып өтті.


Сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі аппаратымен өткізілген конкурсына қатысушы үміткерлермен берілген шағымдарға қатысты қабылдаған шешімдермен, конкурсты заңды деп тануға негіз болған дәйектер туралы аумақтық Департаменттің жазбаша наразылықтарды қанағаттандырусыз, конкурстық комиссияның шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы қабылдаған шешімдері есепте баяндалды.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Тәжібаевтың есебімен танысып, оның баяндамасын тыңдай келе, көтерілген мәселелер бойынша кешенді шаралар алу үшін «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының талаптарының сақталуын қатаң басшылыққа алу, жауапты мамандарға Қағида талаптарын кеңінен түсіндіру бағытында уәкілетті органның қызметкерлерімен бірлескен жұмыстар жүргізу туралы шешім етті.


Сонымен бірге, өткізілетін конкурс отырыстарының барлығына байқаушылардың толықтай қатысуын қамтамасыз ету, конкурсқа қатысатын байқаушы, сарапшы т.б. тұлғалардың міндеттері мен құқықтарын түсіндіру жұмыстарын әрдайым жүйелі түрде жүргізіп отыру және Аумақтық департаментке шағымданушылардың көп екендігін ескере отырып, тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруді күшейту туралы бірқатар нақты ұсыныстар енгізілуге жатады деп шешті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему