Жаңаөзен тұрғыны мемлекеттің қолдауымен тігін шеберханасын ашты
2 Июля 2021 (14:24) | 2167 | Автор: Редакция
Несібелі Назарованың тігін өнеріне деген қызығушылығы бала кезден басталды. Өз мақсатына жету үшін тәжірибе жинақтап, арнайы курстардан өткен. Шебер 2019 жылдың тамыз айында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алып, кәсібін бастады. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекеттік грант алған соң тігінге керекті құрал-жабдықтар ала бастадым. Кішігірім кеңседе жұмыс жасап, бір адамның жұмыспен қамтылуына үлес қостым. Тапсырыстың көп болуынан үлкен ателье ашуды армандадым. Биыл бала күнгі арманыма қол жеткіздім. Тігіншілік - әрқашан сұранысқа ие мамандық. Әсіресе бүгінде сәнді әрі талғаммен киінгенді ұнатамыз. Алайда бұл мамандық төзімділікті талап етеді. Тігіншілік- қол мен қиялдың еңбегі, сондай-ақ тігіншілер өзгерістерге дайын болу керек», - деді Несібелі Назарова.
Оның ательесінде 2 адам жұмыспен қамтылған. Енді кәсіпкер тігін мектебін ашып, шеберлік сағаттарын өткізуді көздеп отыр.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему