Былтыр Мұнайлы ауданында жеке инвестиция есебінен 36 кәсіпкерлік нысан ашылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 09:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Былтыр Мұнайлы ауданында жеке инвестиция есебінен 36 кәсіпкерлік нысан ашылды

7 Февраля 2022 (15:36) | 1655 | Автор: Редакция

2021 жылдың қорытындысы бойынша Мұнайлы ауданында 36 кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Соның нәтижесінде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 67 млн теңгені құрады. Ауданда қазір шағын және орта бизнес субъектілері түрлі сала бойынша қызмет көрсетеді.

-Ауданда кәсіпкерлер саны артып келеді. Негізі Мұнайлы ауданы шағын және орта бизнестің ең дамыған жері деп айтуға толық негіз бар. Өткен жылы 36 кәсіпкерлік нысан ашылса, 239 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Инвестициялық жобалар ішінде ірі-ірі кәсіп нысанынан бастап үй жанындағы шағын дүкендер де бар. Біз ауданның кәсіп бастаймын деген кез келген азаматын қолдауға, мемлекеттік жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар қарастыруға қашан да дайынбыз, -  деді аудан әкімінің орынбасары Бейімбет Сүлейменов.

Мұнайлы ауданына салынған инвестиция ішінде заманауи медицина орталығы, көкөніс сақтайтын қойма, сүт дайындайтын зауыт, балық өнімдерін өңдейтін цех бар. Одан бөлек 10 кәсіпкер өз қаражатын супермаркет пен азық-түлік дүкеніне салса, 7 адам мейрамхана ісіне, 3 азамат білім саласына, 4 кәсіпкер көп салалы техникалық қызмет көрсету орталығына инвестиция құйған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему