Маңғыстау облысында жол құрылысының қыр-сырын білетін кәсіби маман тапшы
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында жол құрылысының қыр-сырын білетін кәсіби маман тапшы

27 Марта 2023 (12:05) | 1300 | Автор: Редакция

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкердің басым көпшілігі басқа салада оқыған, - деп хабарлайды ұлттық сапа орталығының сарапшылары.

Мәселен, Бейнеу ауданындағы әкімдіктің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 6 адам жұмыс істейді. Олардың тек екеуі ғана жол саласында оқыған. Сондай-ақ қалған  аудандарда да мердігер мекемелерге талап қоя білетін жан жоқтың қасы деуге болады.

«Соңғы жылдары бірлесіп жұмыс істеп келе жатырмыз, ұлттық сапа орталығынан берілетін сараптамалар арқылы. Бұдан былай орташа жөндеу жұмыстарына да ведомстволық сараптама алып отырамыз. Расын айту керек, жұмысымызды жеңілдетіп жатыр мамандар, электронды портал арқылы жіберіп. Қазіргі кезде қағазбастылық біршама азайды» - дейді бөлімнің бас маманы Руслан Ұлықбанов.

Жол саласында кадр тапшылығын жою әрі мамандармен тәжірибе алмасу мақсатында Ақтауда біліктілік арттыру оқу-семинары өтті. Оған Астанадан келген 3 сарапшы қатысты. Ұлттық сапа орталығы былтыр «Бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін портал құрған. Электронды платформада жол құрылысы жобасының қандай деңгейде тұрғаны, оған бөлінген қаражат, мердігер мекеме атауы тағы басқа да мәліметтер көрсетілген. Мамандар аймақтарға жұмыс сапарында мемлекеттік қызметшілерге аталған порталда жұмыс жасау ережесін түсіндіріп жүр.

 «Мемлекеттік қызметкерлерге арналған танымдық дәрістерді 2022 жылдан бері тұрақты өткізіп келеміз. Ведомстволық сараптама жасауды іс жүзінде көрсетіп, мердігерлерге дұрыс талап қою білу жолдарын айтып жүрміз. Мемлекет басшысы биыл қаңтарда «Автомобиль жолдары» туралы заңға өзгеріс енгізуге қатысты құжатқа қол қойған болатын. Ендігі кезекте барлық елдімекенде жолдарды орташа жөндеу бойынша жобаларға сапа орталығының қызметкерлері сараптама жүргізеді»- деді ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы Бейбіт Иманғалиев.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему