Жеке кәсіпкер салық төлеуден жалтарып, мемлекетке 1 млн- нан аса шығын келтірген
23 Сентября 2017 (17:53) | 2537 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «А» ММ-сі жауапкер жеке кәсіпкер Н.Б.А.-ның қылмыстық іс әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірген 1 110 843 теңге шығынды мемлекет мүддесіне өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Бұл туралы біздің басылымға аталмыш сот органының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот отырысында жеке кәсіпкер Н.Б.А.-ның 08/11/2004 жылы мемлекеттік тіркеуден өтіп, оған салық органына декларация табыс етуге және салық есептерінің дұрыстығына жауапкершілік міндеттелгені анықталды.
Жеке кәсіпкерліктің кірістері мен шығыстары туралы көрінеу жалған, бұрмаланған деректерді декларацияға енгізу арқылы жауапкер жеке кәсіпкер Н.Б.А. өзінің кәсібіне қатысты 2013-2014 жылы корпаративтік табыс салығы мен қосымша құн салығы, барлығы - 1 млн.110 мың 843 теңге көлемінде салық төлеуден жалтарып, мемлекетке үлкен көлемде зиян келтірген.
-Жауапкер - жеке кәсіпкер Н.Б.А. талапты толықтай мойындап, сотқа жазбаша арыз келтірді.
ҚР АПК-нің 171 бабының 4 бөлігіне сәйкес, «Жауапкердің талап қоюды толықтай немесе оның бір бөлігін мойындауын қабылдау туралы не осындай мойындауды қабылдамауы туралы сот шешімінде немесе қаулысында көрсетіледі».
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты өз шешімімен талап қоюшы «А» ММ-сінің жауапкер - жеке кәсіпкер Н.Б.А.-ның қылмыстық іс әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірген 1 млн. 110 мың 843 теңге шығынды мемлекет мүддесіне өндіру туралы талап арызын қанағаттандырды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему