Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2018 жылы атқарған қызметтерін қорытындылады
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 06:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2018 жылы атқарған қызметтерін қорытындылады

18 Марта 2019 (15:15) | 2345 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2018 жылдағы өз қызметінің нәтижесін жариялауға және сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу мен болдырмау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізуге арналған дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

 

 

Жиынға Департамент ұжымы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Жедел басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Қ. Құрманов пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактика басқармасының бас маманы Құспанова Ханшайым Оралбайқызы, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

 

Басқосуды жиналғандарға арналған алғы сөзімен Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы Сакен Жұмағалиұлы Қасымов бастап жүргізіп отырды.

 

-Департаментпен 2018 жылы біраз ауқымды жұмыстар атқарылды. Департаментпен 2018 жылы 120 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, аудит барысында 35 498,3 млн.теңгеге бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері қамтылып, 11 108,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, яғни Департамент қызметкерлерімен атқарылған ауқымды қызметтерінің нәтижелері жаман емес,- деп мәлімдеді Департамент басшысы С.Қасымов.

 

Департаменттің персоналмен жұмыс және қамтамасыз ету бағытындағы қызметінің 2018 жылдың нәтижесі бойынша персоналмен жұмыс және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ғалия Қуатбайқызы Жаймағанбет баяндады.

 

- Мемлекеттік органдарда қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, конкурстан өткізу, аттестациядан өткізу, еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу персоналмен жұмыс жүргізу қызметшісінің міндеті болып табылады.

 

Департамент қызметкерлері еңбек тәртібін және мемлекеттік қызмет туралы заңнама және Әдеп кодексі талаптарын сақтай отырып, өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін мүлтіксіз атқарып келеді.

 

 

Сонымен бірге, Департаментке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 айында барлығы 539 өтініш келіп түсті және 526 өтінішке жауап берілді, оның ішінде 234 өтініш қанағаттандырылды, 292 өтінішке түсіндірме берілді,-деді Ғалия Қуатбайқызы

 

Бөлім басшысының мәлімдеуінше, «2018 жылдың 12 айында Департаментпен 303 әкімшілік іс бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға 22,4 млн.теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 20,7 млн.теңгесі бюджетке өндірілді және де 1,7 млн.теңге көлеміндегі айыппұлды мәжбүрлі түрде орындату тәртібімен өндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Сондай ақ,, Департаменттің Персоналмен жұмыс және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ғ. Жаймағанбет 2018 жылы бос орындарды толтыру үшін kyzmet.gov.kz және minfin.portal.ecc сайттарында 28 хабарландыру жарияланғандығын атап өтті.

 

Сонымен қатар, Департаменттің Талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы С. Қойланов Департаменттің 2018 жылы жүргізілген аудиторлық шаралар бойынша баяндады.

 

- Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде Департаментпен 11 108,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 842,3 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның жалпы сомасы 842,3 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 103,1 млн теңге бюджетке өтелуге жатады және жалпы сомасы 739,2 млн теңге тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау жолымен қалпына келтіру және бухгалтерлік есепке алу мен сақтауды көрсетумен бюджетке өтеуге жатады. Сонымен қатар, жалпы сомасы 10 266, 5 млн. теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды және де оның ішінде 9 842,2 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу барысында анықталған рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

 

Департаменттің 2018 жылдың 12 айында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізілген камералдық бақылау нәтижесімен 339 мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 22 935,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

 

Баяндамасының аяғында бөлім басшысы Сәдуақас Қойланов есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық шаралар нәтижесінде 93 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сондай ақ, 2018 жылы құқық қорғау органдарына 31 аудит материалы тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды, оның ішінде 19 аудит материалы бойынша қылмыстық істер қозғалды деп мәлімдеді.

 

Жиын соңында Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшысы С.Қасымов Департамент қызметкерлеріне орындаушылық тәртіпке қатысты біраз ескертулер жасап, 2019 жылға нақты тапсырмалар берді.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему