Құрметті Маңғыстау тұрғындары және меймандары!!!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құрметті Маңғыстау тұрғындары және меймандары!!!

31 Января 2019 (12:55) | 1518 | Автор: Нурганым Имашева

Баршаңызды М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздар ұжымы 31 қаңтар күні кешкі 19:00 - де өтетін концерттік бағдарламаны тамашалауға шақырады.

 

 

«Ақжарма. Жаңа леп, жаңа тыныс» деп аталатын концерттік кеште «Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен би тобының және Маңғыстаудың жез таңдай, күміс көмей әншілері: Асанәлі Көшеров, Марат Сафаров, Кәмщат Ізтілеуова мен Сәбит Шектібаев, Әзімхан Баймағанбетов, Екпін Толқынхан, Серіжан Масжанов сынды өнерпаздардың өнерін тамашалай аласыздар.

 

-Концерттік бағдарламада Қазақстан композиторларының туындылары және әлемдік шығармалар орындалып, патша көңілді көрермен қауым дәстүрлі өнердің де кәусар бұлағынан сусындайтын болады,- дейді ұйымдастырушылар.

 

Өнер кеші бүгін 31 қаңтарда М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының (5 шағынаудан) концерт залында сағат 19:00-де басталады.

 

Концертті тамашалап, өздеріңіз бен жақын-туыстарыңызға, дос-жарандарыңызға рухани, мәдени демалыс сыйлаңыз әрі өресі биік ұлттық өнеріміздің өрістей түсуіне қолдау танытыңыз, ардақты ағайын!

 

М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының өнерпаздар ұжымы сіздерді концертте күтеді.

 

 

Бейнежазба мен афиша суретін ұсынған М.Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему