Жолдама алған 5 оқушы EXPO-2017 көрмесіне барды
3 Июля 2017 (11:43) | 2291 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтау қаласының 5 оқушысы Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысып қайтты. Оқушылар зияткерлер ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа алынған жолдама бойынша барды.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 23 қарашасында Ақтау қаласындағы зияткерлік мектептің оқушылары мен ұстаздары, ата-аналары Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, «Art-fair» атты жәрмеңке өткізген еді. Жәрмеңкеден түскен қаражатқа оқушылар облыстағы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 5 оқушыға EXPO-2017 көрмесіне жолдама сыйлаған болатын. Аталған сертификат иелері Астана қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «EXPO-2017» көрмесінің жас елшілері» жазғы мектебіне қатысты.
Бізге 25 қараша күні Астана қаласына EXPO-2017 көрмесіне жəне Назарбаев Зияткерлік мектебінің жазғы мектебіне қатысуға сертификат берілді. Біздің қуанышымызда шек болмады. Астана қаласында өтетін көрмені көруге қатты асықтық. Басқалар оны тек теледидардан көрсе, біз оны өз көзімізбен көретінімізге ерекше қуандық, - дейді көрмеге қатысып келген Баян Саттарова.
Жазғы мектеп барысында балалар халықаралық көрмеге ғана барып қоймай, Астанадағы зияткерлік мектептер, олардың оқушыларымен, «Астана-Бәйтерек» мемориалды кешені, «Атамекен» этно-мемориалды кешені, Ұлттық мұражай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы, ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайы, «Думан» океанариумы және т.б орталықтармен танысып, көңіл көтерді.
EXPO-2017 көрмесіне саяхат кезінде олар әртүрлі елдер ұсынған инновациялық жаңалықтармен, мәдениетімен, дәстүрімен танысты.
Көрмеде біз əртүрлі ғылыми жұмыстарды, күн, су, жел энергияларын көрдік жəне планеталар жүйесімен таныстық. Ол жақта əртүрлі елдердің павильондары жəне сол елдер туралы əртүрлі мəліметтер бар. Біз ол жақта Ұлыбритания, Иордания, Əзірбайжан, Африка елдерінің павильондарына кірдік, - дейді Пугачев Роман.
«Нұр Әлем» Қазақстанның бас экспозициясында, Қытай, Германия, Оңтүстік Корей, Ресей және басқа павильондарда ұсынылған болашақ энергиясы EXPO-ның жас елшілеріне жаңа әлемнің ғаламдық бейнесін көрсетті. Сонымен қатар, оқушыларға «ЕХРО-тарту» кәдесыйы бар рюкзактар сыйланды.
Сапарға толықтай көңілім толды. Бес күн ішінде әр түрлі жерлерге экскурсия ұйымдастырды. Бізге достық лебізбен қарады. Көптеген достар таптым. Жазғы мектеп барысында бізге әртүрлі құнды сыйлықтар табыс етті. Мұндай шаралар көп болса екен деймін. Өйткені Қазақстанның әрбір оқушысы өз астанасын білуі тиіс. Шараны ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын,- дейді жазғы мектеп қатысушысы Диана Варибррус. Сонымен қатар, ата-аналар да өз тілектерін айтты.
Немереме жазғы мектеп қатты ұнапты. Үйге сондай керемет әсермен оралды. Зияткерлік мектеп ұжымына осындай мүмкіндік жасағыны үшін алғыс білдіремін, - дейді Диана Варибррустың әжесі Нажежда Варибррус.
«EXPO-2017» көрмесінің жас елшілері» жазғы мектебіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100 бала келді. Олардың жол билеттері жәрмеңкеден түскен қаражатқа алынса, шараға Халық банкінің «Халық» қайырымдылық қоры демеушілік көрсетті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему