Қарақиялық ұстаз арнайы интернет канал арқылы сабақ жүргізеді
18 Января 2021 (13:20) | 2686 | Автор: Редакция
Құрық ауылындағы №6 орта мектептің бастауыш сыныбының мұғалімі Жанар Капарова интернет канал арқылы сабақ жүргізеді. Ол «YouTube»-та арнайы канал ашып, бейнесабақтар жүргізеді. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Қашықтықтан оқыту кезінде қалай сапалы білім берсем екен деген ой өзге мұғалімдер секілді мені де мазалады. Өйткені, барлық мұғалім оқушының алдында тұрып сабақ беріп үйреніп қалған болатын. Методика деген бар, бірақ оны қашықтықтан оқыту кезінде қалай пайдалана алуға болатынын ойландым. Әсіресе бастауыш сыныптың оқушысы бір ғана ұстаздан дәріс алғасын, оларға әр түрлі мұғалімнің бейнесабақтары әсер етеді деген де ойға келдім. Санамда өзімді көрмесе де, оқушыларым бейнесабағымды көру арқылы тапсырмаларымды орындаса, оқу бағдарламасын дұрыс меңгерсе деген ой тұрды. Осылайша, өткен оқу жылының IV тоқсанында бейнесабақтарымды дайындай бастадым»,-деді Жанар Капарова.
Ол алғашында өз сыныбы үшін күнделікті сабақтарды «YouTube» каналға жүктеп отырған. Уақыт өте келе оның дайындаған сабақтары әлеуметтік желілерде тарай бастаған.
«Тек қана өз оқушыларым ғана емес еліміздің өзге өңіріндегі оқушылар алдында жауапкершілікті сезінетін болдым. Себебі сабақтарымның әлеуметтік желіде тарағанын байқадым. Кейін ұстаздардан, әріптестерімнен, оқушылардан кері байланыс ретінде алғыстары келе бастады. Қиын-қыстау кезде аз да болса өзім секілді мұғалімдерге, оқушыларға пайдам тигеніне, сабақтарымды игілігіне жарап жатса қуанамын»,-деді Жанар Капарова.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему