Жұмысшы жастар өзара сайысты
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 13:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмысшы жастар өзара сайысты

21 Ноября 2016 (15:27) | 1934 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кәсіподақ жастары арасында «Брейн-ринг» зияткерлік сайысы өтті. Ойыншылардың ойлау қабілетін, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге машықтандыру, ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру бағытында ұйымдастырылған аталмыш сайысқа өңірдегі ірі өндіріс ошақтары «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» және «Жөндеу» мекемелеріндегі қызметкерлерден жасақталған командалар қатысты.

            - Басты мақсат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеудің мәні мен тарихи маңызын ашу, кәсіподақ орталығының қоғамдағы рөлі, тарихы, мұнайшыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, жұмысшы жастардың зияткерлік ойлау қабілетін артыру, кәсіпорын мен ірі өндіріс орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің қызметін жетілдіру. Сайысқа 4 мекемеден 24 жұмысшы қатысуда. Жалпы мұндай бағыттағы сайыс кәсіподақ орталығының қолға алуымен аймағымызда алғаш рет өткізіліп отыр, - деген облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков жақын күндері жұмысшы жастар арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілетінін айтты.

            Сайысқа қатысушылар кәсіподақ тарихы, қызметі, еңбек заңнамасы туралы және логикалық бағытта қойылған сұрақтарға да жауап беріп, білімдерін пысықтады. Топпен жұмыс жасау және шапшаң шешім қабылдау дағдылары бойынша өзара бәсекеге түсті. Тартысты өткен сайыстың қорытындысында білімділігімен ерекшеленген «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мекемесінің ұжымы І орынды иеленіп, облыстық кәсіподақ орталығының кубогына ие болды.

            - Бүгінгі жарыстан жеңімпаз атанып, мекемеміздің абыройын асқақтатқанымызға өте қуаныштымыз. Кәсіподақ қызметі, еңбек заңнамасы, жұмысшы құқығы турасында біраз мәлеметтерге қанық болып, білімімізді толықтырдық. Ұйымдастырушыларға ризашылығымды білдіремін, жарыс жоғары дейгейде өтті. Біздің қызметкерлер «қара алтын» қазумен айналысып ғана қоймай, зияткерлік сайыстарда да белсенді екенін, үнемі ізденісте жүретінін тағы бір дәлелдеді, - дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері Сәнбибі Шандақбаева.

            Өздерінің білімділігі мен жылдамдығын тиімді пайдалану арқасында екінші орыннан «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС көрінсе, үшінші орынға «Қаражанбасмұнай» АҚ лайық деп танылды. «Үздік ойыншы» аталымы «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС қызметкері Бекболат Қойшыбекке бұйырды. Сайысты ұйымдастыруға атсалысқан белсенді жас Шыңғыс Абдыровқа да Алғыс хат табысталды.

            - Жұмысшы жастар арасында мұндай шаралардың жиі өткізіліп тұрғанын қолдаймын. Осындай сайыстар арқылы біз өзара пікір алмасып, жұмыстан тыс араласып, бір-бірімізді өзге де қырымыздан тани түсеміз деп есептеймін. «Ойл Транспорт Корпорейшэн» мекемесінде он жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Ауызбіршілігі мықты, берекелі ұжымымның әр жетістігімен мақтанамын. Біздің ұжым спорттық жарыстарда да белсенді. Бүгінгі сайыстан дараланып, арнайы аталыммен марапатталғаныма өте қуаныштымын, - деді Бекболат Қойшыбек.

            Айта кету керек, бүгінгі таңда өңірде 640 бастапқы кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс жасайды. Ұйым құрамында 75 704 адам мүше, оның 33%-ын жастар құрайды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему