Туризм басқармасы: Маңғыстауда туризмді дамытуға мүмкіндік мол
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 16:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Туризм басқармасы: Маңғыстауда туризмді дамытуға мүмкіндік мол

14 Февраля 2023 (17:04) | 1128 | Автор: Редакция

Маңғыстауда туризм саласын дамытуда  кәсіпкерлер бірнеше бағыт бойынша мемлекеттік қолдауға ие бола алады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиев хабарлады.

 

Спикердің айтуынша, бірінші бағдарлама бойынша мемлекет туристік операторлардың шығындарын субсидиялайды. Яғни, туроператорларға әр шетелдік турист үшін 15 000 теңге төленеді.

Субсидияның бұл түрін алу үшін шетел азаматары кез-келген қазақстандық туроператорға өтінім жолдауы қажет. Өтінімді алғаннан кейін, туристік операторлар шетел азаматына арнайы туристік пакет дайындайды. Бірақ туристік бағдарламаны ұйымдастырудың өз талаптары бар.

 -Атап айтқанда, шетел азаматы саяхаттап келген жеріне 3-4 күн қонып, кем дегенде елді-мекеннің 3 көрікті жерімен танысуы керек. Туроператорлар шетелдік туристі «Е-Qonaq» қосымшасы арқылы тіркейді. Сондай-ақ, шетелдік азаматтың әуе ұшағы билетін, толық құжаттарды Мәдениет және Спорт министрлігіне бір жыл ішінде жібере алады. Құжаттар дұрыс болған жағдайда, қаржы туроператордың есеп шотына 40 күн ішінде түседі, - деді Мәулен Ғабдулқалиев.

 Мемлекеттен қолдау алған компаниялардың бірі - «Турист» ЖШС. Компания директоры Евгения Слюсарева 32 жылдан бері шетелдік азаматтармен жұмыс істеп келеді. Оның айтуынша, бұл бағдарламаның туроператорлар үшін маңызы зор.

 -2022 жылы өңірге біздің компания арқылы 7 топ, яғни 120 шетелдік турист келді. Мен бағдарламаға алғашқы рет қатысып көрдім. Өкінішке орай, 120  шетелдіктің арасынан 20 шетелдікке ғана субсидия ала алдым. Өйткені, 20 ғана шетелдіктің әуе ұшағы билетін сақтаған болатынбыз. Құжаттар толық болмаған жағдайда субсидия берілмейді. Келесі жолы, осыны міндетті түрде есепке аламын, - деді Евгения Слюсарева.

 Ал екінші бағдарлама аясында кәсіпкер қала сыртында туристік қызмет объектілерін салған кезде, жергілікті атқарушы орган кеткен шығынның 10%-ын өтейді. Қолдаудың бұл түрін алу үшін кәсіпкер өтінімді қағаз немесе электрондық tourism@mangystau.gov.kz Маңғыстау облысы туризм басқармасына жібереді. Басқарма екі-он жұмыс күн ішінде өтінімдердің толықтығын қарайды. Жергілікті атқарушы орган бюджеттік өтінімді күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейін қабылдап, Мәдениет және спорт министрлігіне жібереді. Мемлекеттен қаржыландыру жүзеге асырылғаннан кейін 15 жұмыс күн ішінде кәсіпкердің екінші деңгейлі банк шотына түседі.

 Үшінші бағдарлама бойынша жол бойындағы белдеуде орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды салу бағытында жергілікті атқарушы орган шығынның 10%-ына қолдау көрсетеді. Мысалы, кәсіпкер Ақтау-Бейнеу, Ақтау-Жаңаөзен секілді алыс жол бойында қонақ үй, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станцияларын салатын болса, мемлекеттен субсидия ала алады.

 Толық ақпаратты білу үшін, tourism_mangystau инстаграм парақшасына тіркеліп немесе 420308 байланыс нөмеріне хабарласа аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему