1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні
28 Февраля 2018 (20:13) | 10598 | Автор: Нурганым Имашева
1 наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні атап өтіледі.
Бұл мереке -әлемдегі сан алуанелдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдыналуға барлық күшті біріктіру, халықты, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар (АҚ пен ТЖ) қызметтерін болуы мүмкін тосыноқиғаларға дайын дауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.
Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған.
Аталмыш ұйым көптеген жылдар бойы төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету жүйесін құру, білікті мамандар дайындау мен халықтың азаматтық қорғанысы саласында әлемді келдердің күшін біріктіру саясатын жүргізіп келеді.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы өзресмиатауын 1958 жылы алды. 1975 жылы осы ұйымның Жарғысы Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді.
Қазіргітаңда ХАҚҰ Еуропа, Азия мен Африканың 70-ке жуықелін біріктіріп отыр. Төтенше жағдайс аласында Қазақстанекі бірдей халықаралық ұйымның толық қанды мүшесі. Олар: Халықаралық Азаматтық қоғаныс ұйымы мен Нәубеттердің алдын алу жөніндегі Азия орталығы.
Осыған орай Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе Ақтау қалалық «Жас Отан» ерікті жастармен флэшмоб өткізді.
Флэшмоб Ақтау қаласы 6 шағын аудандағы«Арман жастар орталығында» ұйымдастырылды.
-Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты - Азаматтық қорғаныстың маңыздылығына әлемнің назарын аудару және апаттық, авариялық жағдайда өздерін қорғау үшін халықтың дайындығын арттыру болып табылады, -дейді Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері.
Суреттерді түсірген Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему