Конкурстық комиссия мүшелеріне тәртіптік жаза тағайындалды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Конкурстық комиссия мүшелеріне тәртіптік жаза тағайындалды

25 Февраля 2019 (13:10) | 2274 | Автор: Нурганым Имашева

2018 жылдың желтоқсан айының соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Маңғыстау ауданы прокуратурасының хаты мен Әдеп жөніндегі кеңес төрайымының тексеру тағайындау туралы актісіне сәйкес «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

 

 

Тексеру нәтижесінде Маңғыстау ауданы әкімінің өкімімен бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен және 369-бабы 1-бөлігінің тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат Е «Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындалғаны белгілі болған.

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру 2018 жылы 3 мамырда «Жаңа өмір» газетінің №22 санында Маңғыстау ауданы әкімдігі «Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жарияланып, Маңғыстау ауданы әкімінің 10.05.2018 жылғы №29-01нқ өкіміне сәйкес, конкурстық комиссия құрылып, комиссия төрағасы мен мүшелері белгіленген.

 

Комиссия төрағасы – Аппараттың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы Ә.Төлемісов, комиссия мүшелері – Аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева, Аппараттың бас инспектор – заңгері Ж.Жайлаубайқызы, Аппараттың ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Аманиязов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Шабикова болып қалыптастырылған. Сондай-ақ, комиссия хатшысына – Аппараттың ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Б.Жүсіп енгізілген.

 

Аталған конкурсқа кандидат ретінде азамат Е құжаттарын тапсырған.

 

Алайда, Департаментпен тексеру жүргізу барысында оның конкурсқа қатысу туралы өтінішін жазбаша бермегені және құжаттар топтамасында денсаулық жағдайы туралы анықтамасы жоқ екендігі белгілі болған. Сондай-ақ, конкурсқа кандидат ретінде азамат Е бір өзі қатысып, құжаттарын тапсырған.

 

Бірақ, конкурстың комиссия мүшелері конкурсты өткізілген деп танып, оның нәтижесімен хаттамалар жасақталып, үміткерді аталған кәсіпорын директоры лауазымына қабылдауға құпталған.

 

Бұл ретте, конкурстың комиссия мүшелерімен жалғыз кандидат ретінде қатысқан азамат Е-нің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны не жасамағаны, оның өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жөніндегі мәліметтер сұратылмаған, сонымен бірге жұмыс беруші Аппарат пен қызметкер Е-нің арасында еңбек шарты жасақталмағаны анықталды.

 

 

Осы орайда, конкурстық комиссия мүшелері Ж.Шарқатбаеваның, Ж.Жайлаубайқызының, Р.Шабикованың, Н.Аманиязовтың және хатшы Б.Жүсіптің берген түсініктемелерінде, жоғарыда аталып өткен конкурстық комиссияның отырыстары мүлдем өткізілмегендігі және мәжіліс хаттамаларына таныспай, формальді түрде қол қойғандарын түсіндірген.

 

Өз кезегінде, Маңғыстау ауданы әкімі Ж.Айтуаровтың тарапынан жоғарыда аталып өткен конкурстық комиссия шешімдерінің шынайлығына көз жеткізбестен, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыстық жауапкершілікке

 

тартылған азамат Е-ні «Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдаған.

 

-Тексеру барысында, Маңғыстау ауданы әкімінің өкіміне сәйкес, Аппараттың персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы (конкурстық комиссияның төрағасы) Ә.Төлемісов өз өтініші негізінде 2018 жылдың 20 желтоқсанынан бастап жұмыстан шығарылғаны анықталды.

 

Бүгінгі таңда, конкурстық комиссияның хаттамалары формальді түрде жасалуына байланысты заңсыздығы негізінде бұзылды.

 

Сондай-ақ, Маңғыстау ауданы әкімінің аталған азаматты «Маңғыстау жылу, су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындау туралы өкімінің күші жойылды.

 

Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50 бабы 1 тармағы 4) тармақшасының талабына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергендері үшін, Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссия мүшелері Ж.Шарқатбаева, Ж.Жайлаубайқызы және Н.Аманиязовқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, -деп мәлімдейді бұл туралы ақпаратты таратқан Департаменттің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему