Карантинде кәсіпкерлерге қандай кедергі мен көмек болды?
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Карантинде кәсіпкерлерге қандай кедергі мен көмек болды?

23 Мая 2020 (14:53) | 1897 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаулық кәсіпкерлер елде төтенше жағдай жарияланған тұста біраз абдырап, кедергілермен бетпе-бет келді. Ақтауда 20 жылдан астам уақыт жиһаз нарығында жұмыс істейтін кәсіпорынды Ирина Беляева басқарады. 1997 жылы іргесі қаланған мекеме 7 адаммен жұмыстарын бастап, бүгінде 250 адамды еңбекпен қамтып отырған іргелі ұжымға айналды.

 

 

Карантин кезінде оның өзі біраз қиындыққа ұшырады. Дүкендері жабылып, қызметкерлер тұтастай ақысыз еңбек демалысына кеткен. Осы аралықта мемлекеттен бөлінген 42 500 тг кәсіпорын жұмысшыларына төленіп, көп септігін тигізген. Төтенше жағдай жарияланған айда кіріс 100% тоқтап қалды. Ақылдаса келе бизнестің онлайн сатылым түріне көшті. Сәуір айында жоспардың 25% ғана орындалған.

 

 

-Біз халыққа жылдам қызмет көрсету үшін бейнеқоңыраумен жұмыс істедік. Біздің сала жиһаз өнеркәсібі болғандықтан көзбен көрмей алу мүмкін емес. Әлгі байланыс түрімен таңдалған тауарды жан-жағынан түсіріп көрсетіп, таңдау жасауына барынша жағдай жасадық.

 

Жиһаздарды үйіне дейін жеткізіп бердік. Жиһаз жасауға қажетті материалдар құны да күрт 10-20% өсті. Доллардың қымбаттауы бізге екінші рет соққы болды. Өйткені, барлық материалдар, фурнитуралар шетелден тасымалданады.Тауарлар сатылымы түсіп кетті. Біз дүкенімізді ашуға жақында ғана рұқсат алдық. Онлайн сату әлі де жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желілерде де жұмысымызды күшейттік. Өйткені халықта әлі де қорқыныш бар. Қашықтықтан сауда жасауды қолай көреді,- дейді Ирина Беляева.

 

Сауда жасауда бұрынғы қалпымызға келуге әлі біраз уақыт қажет болады. Мамыр айында жұмыс қарқынын 50% қостық, маусымда 60% жеткізсек, шілдеде 80%, ал қыркүйекте толықтай былтырғы көрсеткішке көтерілу жоспарланып отыр. Кәсіпорынның екінші деңгейлі банктерде де біраз несиесі бар. Мемлекеттің қолдауымен несие үш айға шегерілген. Ешқандай үстеме ақы сұрамаған. Мұның өзі бизнеске үлкен қолдау,- дейді кәсіпкер. Банк карантиннен кейінгі қиындық салдарларын саралап, жеңілдік жасалған.

 

 

Ал, Маңғыстауда Зивира Хасанова 20 жыл бойы жетекшілік ететін жұмысшы, күнделікті киім мен аяқ киімдер тігетін «Жамал-ай» кәсіпорына да карантиннің тигізген кедергілері көп. Жолда қозғалыстың тоқтап қалуы қалалармен, елдермен байланыс орнатуға мүмкіндік бермеді.

 

Тәртіп күшейтілген кезде кәсіпорындағы 160-тан астам адам еңбек демалысына жіберілді. Басқарушы құрам ғана онлайн жұмыс істеген. Бетперде тігумен шұғылданған мамандар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, арнайы көлікпен тасымалданды. Негізгі жұмыс жоспарының 3-тен бірі тоқтады. Доллар мен еуро құнының шарықтауы шикізат бағасын да өсіріп жіберді. Қандай қиын жағдай болса да жұмысшылар қысқартылмаған. «Самұрық-Қазына» жариялаған сатып алуларға қатысып, жұмысшылардың жалақыларын төлеп отыр.

 

Аяқ киім өндірісі толық тоқтап қалған. Дүкендер мен сауда орындарының жабылуынан онлайн саудаға көшірілді. Бірақ оның өзі тек Ақтау қаласының ішін ғана қамтыған.

 

-Біздегі ең күрделі мәселе салық төлемдерін жасау болып отыр. Біз Үкімет тарапынан берілген жеңілдіктерге жеңіл өнеркәсіп ретінде қол жеткізе алмаймыз. Қазір салық көлемі өсіп, оны төлеу міндеті тұр. Кешіккен күндерге өсімпұл жүреді,- деп қынжылады кәсіпкер Зибира.

 

Бұл мәліметтерді біздің басылымға Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему