Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан ашық Азия кубогы басталды
7 Октября 2022 (12:40) | 1521 | Автор: Редакция
Ақтауда спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия кубогы басталды. Бұл туралы бүгін шара ұйымдастырушылары БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Чемпионат 7 қазан күні «Маңғыстау арена» стадионында өтеді. Қаламызға 9 мемлекеттен 200 спортшы қатысады. Дүбірлі додада 9 команда бақ сынайды. Бұл турнирдің жалауы Ақтау қаласында алғаш рет көкке көтерілгелі отыр.
-Қазақстан үнемі өте жақсы қарсы алады. Бұл жақта ұйымдастырылған шаралар өзінің шартты тәртібінде, орнымен өтеді. Турнирге барлығы 9 ел қатысып отыр. Әлемдік чемпионатқа небәрі 1 ай қалды. Осы жолы тек ер адамдар ғана емес, қыздар да қатысатын болады. Барынша әділ болуға тырысамыз. Көрермендерге де қызық болады деген ойдамын,-деді Қырғыз елінің самбодан халықаралық санаттағы төрешісі Александр Ларионов.
Баспасөз конференциясында Өзбекстан мемлекетінен келген Самбодан Азия федерациясының Президенті – Муллаев Аламжон Қазақстан Республикасының самбо федерациясының президенті Ақжанов Айдосқа ресми түрде самбо жалауын табыстады. Жалауда еліміздің көк байрағының түсі мен Каспий теңізінің толқыны , самбо белдігі бейнеленген.
Сонымен қатар, алдағы уақытта жағажайдағы самбо чемпионатын, Алматыда ардагерлер арасындағы самбодан жарыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Келесі “Ашық Азия” кубогына Жапон мемлекеті де қосылады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему