Маңғыстаулық өнерпаздар театрландырылған ән-думан кеште салт-дәстүрді дәріптеді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өнерпаздар театрландырылған ән-думан кеште салт-дәстүрді дәріптеді

24 Февраля 2020 (14:53) | 1862 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Ақжарма» фольклорлық ансамблі мен Би ұжымының «Бастаңғы-бақыт бастауы» атты театрландырылған ән-думан кеші болып өтті.

 

 

Концерттік бағдарламаның аты айтып тұрғандай қазақ халқының ұлттық дәстүріндегі жөн-жоралғы, салт-сананы дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған кеш сахналанған көріністен бастау алып, түн мезгілі, таң рауандап атып жаңа күн басталғандағы тіршілік, кеш түсіп, ымырт үйірілген шақтағы ауыл жастарының тірлігін бейнелеген Ақжарма» фольклорлық ансамблі өнерпаздарының орындауындағы «Таң самалы» шығармасымен шымылдығы түрілді.

 

Бұдан әрі Халықтық ұжым «Жорға» би ансамблі, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің орындаған «Балаусасы» жастардың кеш бата бастанғыға жиналуын әсерлі көрсетті.

 

 

Жастар арасында биші қызға ғашық болған домбырашы жігіттің ролін сомдап, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен халық әні «Тойбазарды» нақышына келтіре шырқаған әнші Марат Сафаровты көрермен қауым жылы қарсы алды.

 

Биші қыз бейнесіндегі Ұлболсын Сағынбаеваның мың бұрала орындаған «Айжан қыз» биі көпшіліктің көңілінен шығып, өнерсүйер қауымды бір серпілтіп тастады.

 

 

Кеш бойына шырқалған «Гүл-гүл жайна», Камшат Ізтілеуова орындаған «Ағажан Ләтипа», «Әриайдай», Әзімхан Адай, Сәбит Шектібаев сынды өнерпаздар әуелете салған «Қыздар-ай», Әйгерім Құлжарасова шырқаған «Жайнашы құрбым», Асанәлі Көшеровтың орындауындағы «Әпитөк», «Сәулем-ай» атты халық әндері кештің сәнін келтіріп, халқымыздың салтында бар бастаңғы аталатын жастардың өзара жарасып, сауық құратын, бір-бірімен жақын танысып, әзілдері жарасып, табысатын кездерін көрерменнің көз алдына келтіріп, ерекше бір сезімге баурағаны байқалды.

 

Концерт барысында филармония өнерпаздары залдағы көрерменді кештің бағдарламасына ұйытып, қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты викториналық сауалдар қою арқылы кештің көркін қыздырумен болды.

 

 

Ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуды мақсат тұтқан Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы ұжымының бұл қадамы құптарлық, әрине. Өнер арқылы жастарды тәрбиелеп, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді дәріптеуге арналған осындай кештің халыққа, әсіресе жас ұрпақты өзегінен ажырамай, ата-баба аманатына адал болуға үйрету жолында берері мол болғаны сөзсіз.

 

 

 

Суретті түсірген Маңғыстау облыстық филармониясы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему