Жаңаөзендік әскери қызметшілер оқу жылы қарсаңында әріптестерінің отбасыларына қолдау көрсетті
Курс валют в Актау
на 29/08/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
29 Августа, 21:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзендік әскери қызметшілер оқу жылы қарсаңында әріптестерінің отбасыларына қолдау көрсетті

28 Августа 2026 (12:59) | 1 | Автор: Редакция

Жаңа оқу жылы қарсаңында Жаңаөзен қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, өз әріптестерінің отбасыларына қолдау көрсетті. Әсіресе биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлінді.

Акция аясында болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары, оқу құралдары және басқа да қажетті сыйлықтар табысталды. Балалар үшін мектепке дайындық қажетті заттарды алумен қатар, әскери ұжым тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдауды сезінуге мүмкіндік берген қуанышты сәтке айналды.

Әскери қызметшілер бүлдіршіндерді алдағы оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға оқуда озат болуды, қызықты жаңалықтар ашуды, жаңа достар табуды және жақсы бағаларға қол жеткізуді тіледі. Ал алғаш рет мектеп партасына отыратын балаларға жаңа өмір кезеңіне сәтті қадам басуларына ақжолтай тілектерін білдірді.

«Әр бала үшін жаңа оқу жылының басталуы – маңызды әрі толқынысқа толы сәт. Ал алғаш рет мектепке баратын бүлдіршіндер үшін бұл – өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы. Біз әскери қызметшілеріміздің балалары өздерін әрдайым қолдау мен қамқорлықта сезінгенін қалаймыз. Мұндай игі бастамалар әскери ұжымның бірлігін нығайтып, өзара жанашырлық пен жауапкершіліктің маңызын көрсетеді», – деді 5548 әскери бөлімінің командирі подполковник Хамит Бигужин.

«Мектепке жол» акциясы әскери ұжымның тек қызметтік міндеттер мен ортақ жауапкершілік аясында ғана емес, сонымен бірге өзара көмек, әріптестердің отбасыларына қамқорлық жасау және жас ұрпаққа қолдау көрсету бағытында да бірлігін танытты. Балаларға табысталған сыйлықтар – жаңа оқу жылына жасалған қарапайым дайындықтан бөлек, олардың жүрегіне қуаныш сыйлап, мектеп өміріне сеніммен қадам басуына берілген ізгі тілек пен ақжолтай қолдау болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему