Қызмет көрсету сапасын арттыруға қоғам өкілдері елеулі үлес қосуда
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 04:03
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызмет көрсету сапасын арттыруға қоғам өкілдері елеулі үлес қосуда

31 Марта 2022 (18:34) | 2304 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасымен еліміздің барлық өңірлерінде аумақтық департаменттер жанынан 2017 жылдан бастап мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде ведомствоаралық жұмыс топтары құрылған.

Ведомствоаралық жұмыс тобын құрудың мақсаты жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша проблемалық мәселелерді шешу,сондай-ақ халықтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында қызмет көрсетушілерге ұсынымдарды әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады.

Аталған ведомствоаралық жұмыс тобы Маңғыстау облысы бойынша да осы уақыттан бері өз жұмысын жүргізіп келеді.

Бүгінгі күнге Маңғыстау облысындағы топтың құрамына облыстық мәслихаттың депутаты, мемлекеттік органдардың, «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалы мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік сала өкілдері, қоғам белсенділері енгізілген.

Жұмыс тобы мүшелерінің мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі проблемалық мәселелерін қарап, оларды шешу жолында әр қайсысының қосар үлесі зор.

Жалпы статистикалық мәліметтерге келсек ведомствоаралық жұмыс тобы өз жұмысын бастағалы 20 отырыста, әртүрлі 80-нен астам мәселелер қарап, 400-ге жуық ұсынымдар енгізді.

Бұдан бөлек жұмыс тобының мүшелерімен, оның ішінде үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, қоғам белсенділерімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимаратында аптасына кемінде бір рет азаматтарды қоғамдық қабылдау жүргізуде.

Облыстағы барлық қала және аудандарда, ауылдарды қамти отырып қызмет көрсету орындарында үкіметтік емес ұйымдар арқылы қоғамдық бақылаулар жүйелі түрде ұйымдастырылып, департаментке ақпараты ұсынылып отыр. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында тиісті шаралар алынып, мемлекеттік органдарға ұсынымдар жолданады.

Осындай қоғамдық мониторинг жұмыстары айтарлықтай өз нәтижелерін беруде.

Мысалы, халыққа қызмет көрсету орталығында бұрын көші-қон саласы бойынша ақпараттық жүйенің жоқтығы салдарынан ауыл тұрғындарының 100 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығына баруға мәжбүр болған болса, бүгінгі күні мемлекеттік органдар қоғам өкілдерінің көтерген мәселесін шешіп, ауыл халқына ыңғайлы жағдай жасады.

Бұған қоса, елімізде өткен жылдан бастап орын алған карантиндік жағдайға байланысты, адамдардың бір орында, оның ішінде ХҚКО ғимараттарында көп шоғырлануын болдырмау мақсатында, жұмыс тобы мүшелері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізіп отырды. Кейбір өзіне-өзі қызмет көрсету нүктелері жұмыстарын мүлдем тоқтатып тастағандығы анықталып, ұсынымдар негізінде қайта іске қосылды.

 Ақпарат үшін айта кетсек, облыс көлемінде ауыл әкімі аппараттары, білім беру ұйымдары (орта мектептер, колледждер), емханалар, мемлекеттік мекемелер, сервистік әкімдіктер орналасқан ғимараттарда барлығы 400-ге жуық осындай өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс жасап тұр. Азаматтарымыз аудан орталықтарына немесе алыс шағын ауданда орналасқан ХҚКО-на бармай-ақ, осы бұрыштардан қалаған қолжетімді қызметтерін ала алады. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйеге ұялы байланыс нөмерлерін тіркесе, электронды қолтаңбаларының қолдану мерзімдері жарамды болса жеткілікті. Қажеттілік болса мамандар да сол жерден өз кеңестерін беретін болады.

Осыған ұқсас, жұмыс тобы мүшелері тарапынан ХҚКО ғимараттарын жаңа ғимаратқа көшіру, ашық әкімдіктердің жұмысы, мүмкіндігі шектеулі жандарға талапқа сәйкес жағдайлар жасау сияқты мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету бағытында бірқатар ұсыныстар беріліп, оң шешімін тауып келеді.

Айта кету керек, департаментпен бірлесіп бірнеше игі жұмыстарды атқарып жүрген қоғам өкілдеріміз тегін, ешқандай жалақысыз халқына адал қызмет етуде, ол үшін өз атымыздан алғысымызды білдіреміз.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасулан Маршакұлы 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему