«Соттарды сырттай бағалау» жаңа сервисі өз жұмысын бастады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 22:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Соттарды сырттай бағалау» жаңа сервисі өз жұмысын бастады

20 Мая 2017 (10:46) | 1982 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

Бүгінгі таңда сот жүйесінің мейілше ашықтығы арқасында халықтың сот жүйесі жұмысына қатысуына, бағалауына мүмкіндіктері бар. Атап айтсақ, азаматтар судья лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысып, болашақ судьялар туралы пікірлерін еркін жеткізіп, судьяның әрекеттеріне риза болмаған жағдайда олардың Сот әділқазысына шағымдануға құқығы бар. Оған қоса сот жүйесі толығымен электронды сервистермен, техникаларымен жабдықталған. Бұл сот қызметінің жариялылығының белгісі деп ойлаймын. Сондай-ақ, сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот интернет-ресурсында «Соттарды сырттай бағалау» жаңа сервисі өз жұмысын бастады. Аталған сервистегі сауалнаманы толтыру үшін«Сот кабинетіне» тіркелген кез келген қатысушы ең алдымен бастапқы деректерді толтырады, яғни облыс атауын, соттың атауын, істі қараған судьяның аты-жөнін және процессте ол кім болып қатысқанын көрсетіп, сауалнаманың екінші бөлігіндегі негізгі 10 сұраққа жауап беруге өтеді.Бұл судьяның, прокурордың, адвокаттың жұмысын саралауға арналған бірегей жүйе.

Сырттай бағалаудың басты ерекшелігі сауалнамаға тек сот отырыстарына қатысушылардың ғана қатыса алатындығында. Шын мәнінде сот процестеріне мүлде қатысып көрмеген адамдардың сот туралы сан түрлі пікірлерін саралаудан гөрі сотқа қатысқан тұлғалардың пікірін зерделеу біз үшін маңызды. Ал, сауалнама нәтижелері мен ұсыныстар тікелей сот билігінің басты органына түседі. Нәтижелер мен қорытындының тікелей Жоғарғы Сотқа түсуі жергілікті әсер етуге жол бермеу мақсатын көздейді. Бұл сауалнаманың нәтижелері Сот қазылар алқасымен судьялардың кәсіби қызметін бағалау кезінде қолданылады. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінін» айтқанда аталған жүйе соттағы ашықтықты қамтамасыз етіп, халықтың сеніміне сенім қосады. Халықтың құқықтарының және заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін анықтау мақсатында іске қосылған бұл жүйе ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін пилоттық болып, одан әрі – тұрақты негізде жүргізілмекші. «Сырттай бағалау» сервисін белсенді түрде насихаттай отырып, сот процестеріне қатысушыларды сот пен судьяның жұмысын бағалауға шақырамын.

Ару Эсенниязова, Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему