Өрт сөндірушілер ӘТБ қызметкерімен кездесті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 15:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрт сөндірушілер ӘТБ қызметкерімен кездесті

12 Июня 2019 (09:53) | 1461 | Автор: Нурганым Имашева

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәжіліс залында құтқарушылардың әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінің (ӘТБ) инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Асхатовпен кездесуі өтті.

 

 

Ол полицейлер мен өрт сөндірушілер мемлекеттік қызметті атқаратын қызметкерлер, қауіпсіздік мәдениетінің, соның ішінде жолдағы қауіпсіздік мәдениетінің үлгісі болуға міндетті екенін айтты.

 

«Біз бен сіздің міндетіміз әр түрлі», -деді ол, «бірақ мақсатымыз біреу ғана – ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны өзіңнен бастау керек, яғни қауіпсіздік талаптарын сақтауда жеке үлгі болу керек».

 

 

Инспектор соңғы уақытта қала және аудан жолдарында болған оқиғалардың статистикасын келтірді, әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы мәселелерге толығырақ тоқталды.

 

Өрт сөндірушілер өзекті ақпаратты және өз сұрақтарына толық жауап алды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Рукья Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему