Жаңаөзен қаласының тұрғыны Дана Хамзина бірнеше кәсіппен айналысады
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 07:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Дана Хамзина бірнеше кәсіппен айналысады

24 Февраля 2022 (15:13) | 3211 | Автор: Редакция

Бүгінде Жаңаөзен қаласында кәсіп бастап, қоғам дамуына үлес қосып жүрген нәзікжандылардың қатары көп. Солардың бірі – «Вундерkids» оқу орталығының негізін қалаушы Дана Хамзина. Кәсіпкердің бастамасы аясында мектеп оқушыларына ағылшын тілі, орыс тілі, менталды арифметикадан білім беріліп, домбыра, фортепиано, гитара, сурет салу, гимнастика сынды үйірмелерде кәсіби тұрғыдан тәрбиеленіп жатыр.

 

Одан бөлек, орталық балаларды білім-инновация, қазақ-түрік лицейлеріне, «Назарбаев» мектептеріне оқуға түсуге дайындайды. Ашылғанына бар-жоғы бір жыл болса да, қазіргі таңда орталық 70-тей балаға білім нәрін сіңіріп отыр. Мұның барлығы кәсіпкер Дана Хамзинаның игі бастамасының арқасы. Дана орталықта білім беретін бірнеше маманды жұмыспен қамтып отыр. Жоғары білімді ұстаздардың жетекшілігімен жас өрендер бірқатар сайыстарға қатысып үлгерген.

 Дана Хамзина бір емес бірнеше кәсіптің басын ұстаған. Оның оқу орталығынан бөлек, тігін шеберханасы да бар. Дана балалар киімін тігумен айналысады. Бүгінде өзіндік брендін қалыптастыруда аянбай еңбек етіп жүр. Кәсібі жақсы жүруде. Осылайша тігін шеберханасы айына шамамен 9-10 шақты топтама киімді дайындап, дүкендерге тапсырады.

 Дана осы кәсіптерін дамытуға мемлекеттен қайтарымсыз грант та алды. 583 мың теңге көлеміндегі қаражаттың арқасында тасы өрге домалаған. Кәсіпкер мұнымен шектеліп қалмай, алдағы уақытта Жаңаөзен қаласында баспа студиясын ашуды көздеп отыр. Осы тұрғыда бастапқы жұмыстарды жоспарлап қойған.

 - Осыншама кәсіпті алып жүруге еш қымсынбауым – ата анамның арқасы. Олар да жеке кәсіпкерлер. Өз ісімді бастауға деген ынта-жігер солардан дарыса керек. Жұмысымды жақсы көремін. Қазір екі кәсіптің басын ұстап отырмын. Барлығын қатар алып жүру қиын емес, - деді Дана Хамзина.

 Кәсіпкердің өнерге де икемі бар. Өзі басшылық етіп отырған орталықта кейбір үйірмелерден сабақ береді. Маңғыстау өнер колледжін «домбырашы»  және Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы университетті «педагогика-психология» мамандығы бойынша тәмәмдаған Дана үшін бизнес саласы еш қиындық туындатпайды. Себебі, ол кәсібінің барлығын өзінің жоғары білімі бар салалардың төңірегінде дамытып жүр. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему