Cот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мәселелері талқыланды
14 Июня 2017 (09:44) | 1913 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау облыстық соты «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев және судьялар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Қ.Байгебаев, кеңсе қызметкерлері, БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтарын алдын алу, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау механизмдері талқыланды.
Семинарда сөз алған Е.Қарабаев сот жүйесінде жемқорлықпен күресудің негізгі жолы – ашықтық пен жариялылық екендігін атап өтті. Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін тапсырғандығы белгілі. Осыған орай Е.Қарабаевтың айтуынша, өңір судьялары қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға және сот төрелігін сапалы атқару шеңберіндегі олардың алдына қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді түрде қатысуда.
Өз кезегінде Қ.Байгебаев мемлекеттік ұйымдардағы әр қызметкер ҚР заңдарының принциптерін басшылыққа алып, нормативтік-құқықтық актілерді мүлтіксіз орындап, әрі сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұра білулері тиіс екендігін айтты.
Іс-шара соңында Е.Қарабаев сыбайлас жемқорлық – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, демократиялық институттар мен құндылықтарға, этикалық құндылықтар мен сот төрелігіне және тұрақты даму мен құқық тәртібіне елеулі қауіп-қатер алып келетінін тілге тиек етіп, қатысушыларды Қазақстанның дамуы үшін жемқорлықпен аянбай күресуге шақырды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему