Маңғыстау облысында жолдардың қыс мезгіліндегі жай-күйі тексерілді
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 07:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында жолдардың қыс мезгіліндегі жай-күйі тексерілді

17 Марта 2022 (17:22) | 3076 | Автор: Редакция

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қызметкерлері 2022 жылдың қаңтарынан бері облыс аумағындағы трассаларда 21 рет бақылау шарасын өткізді.

Бұл бағыттағы жұмыстар «Ақтау-Құрық» жолының 13-72 шақырымында, «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» тас жолының 210-786 шақырымында, «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасының шекарасы» бағытындағы жолдың 0-229 шақырымында және «Бейнеу-Акжігіт-Өзбекстан Республикасының шекарасы» трассасының 0-85 шақырымында жүзеге асты.


«Жолдарға төгілген құм-тұз аралас қоспалардан 13 рет іріктеп алу және құрамын талдау жұмыстары жасалды. Ешқандай ақаулық табылған жоқ, - дейді жол сапасын бақылаушы мамандар. 

«Қазіргі уақытта «Құрық-Жетібай» жолының 0-40 шақырымында, сондай-ақ 40-64 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол жерлерден де жол құрылысы материалдары мен жұмыс сапасын тексеру үшін 4 рет бақылау шарасы өтті. 25 материал іріктелініп алынған болатын. Зертханада талдау кезінде ешбір ақаулық табылған жоқ. Әдетті трассалардың қыстың кезеңде жай-күйін тексеруді «Қазақавтожол» мекемесімен бірлесе жасап келеміз» - дейді Маңғыстау филиалының сарапшысы Гүлжамал Тәжібаева.
«ЖАҰСО» баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему