19 қазан – ТЖ қызметінің құрылған күні
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 20:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

19 қазан – ТЖ қызметінің құрылған күні

19 Октября 2021 (12:30) | 1855 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар мемлекеттік комитетін құру туралы  1995 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің №2541 Жарлығымен -19 қазан ТЖ қызметінің құрылған күні болып есептеледі.


Облыстың Төтенше жағдайлар департаментімен табиғи және техногенді төтенше жағдайларды алдын алу, аумақтық және ғаламдық төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау іс-шараларды ұйымдастыру, облыстағы нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша тапсырмалары орындалуда. 
Ерлік, батырлық, жүректілік, барлық жағдайларда әртүрлі апаттармен күресуге, адам өмірін құтқаруға дайындығы – барлық кезде ТЖ қызметкерлерінің  ерекше қасиеттері.  
       Күнде, сағат сайын біз жасап жатқан бұл істің маңыздылығын бүгінгі күні бағалау қиын. Әр біріміз тұрғындарға тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін шақырылдық, ол өндірістегі және тұрмыстағы қауіпсіздік, техногенді және табиғи төтенше жағдайларды жою және болдырмау.
     Осы жылы біздің еліміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайды.
     Еліміздің Тәуелсіздігі жылдары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күндіз және түнде ең жауапты және қиын жерлерде қоғамды және мемлекетті табиғи және техногенді төтенше жағдайлардарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызмет атқаратын  Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларымен көптеген адам өмірлері құтқарылды.
     Мамандыққа жататындығымен мақтанудың қажеті жоқ, мамандықтағы шеберлігіңізбен, өз мамандығына деген сүйіспеншілігіңізбен мақтану керек. Өрт сөндіруші мамандығы ең алдымен батылдық пен мейірімділіктен басталады.  
     Осы мерекелік күні барлық ТЖ қызметінің ардагерлері мен қызметкерлеріне, олардың туысқандарына және жақындарына зор денсаулық, жанұяларына саулық, бейбітшілік, бұлтсыз аспан, жан –тәніне сергектік, жанының қартаймауын тілеймін, жастарға лайықты үлгі болайық,  төтенше жағдайлар  өте аз болсын және Отанымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан игі ісімізге сәттілік.
                     
                       Құрметпен,
                       Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар
                       департаментінің бастығы
                        подполковник
                       Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему