Түпқарағанда «НКОК» компаниясы ерекше балалар үшін жаңажылдық мереке ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 17:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түпқарағанда «НКОК» компаниясы ерекше балалар үшін жаңажылдық мереке ұйымдастырды

27 Декабря 2018 (14:21) | 1546 | Автор: Нурганым Имашева

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы Маңғыстау облысында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бірқатар жаңажылдық мерекелік шаралар өткізді.

 

 

-Жаңажылдық мереке қарсаңында балалардың тамаша тосынсыйлар мен сыйлықтар күтетіні мәлім. Осы мерекені ерекше балалар да тағатсыз күтеді. «НКОК» компаниясы көптеген жылдар бойы олар үшін тосын сиқырлар мен ғажайыптарға толы ұмытылмас бағдарламасы бар жаңажылдық мерекелік шаралар ұйымдастырады.

 

Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапты – 21 желтоқсанда «НКОК» компаниясы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында нәрестеден бастап 16 жасқа дейінгі 195 бала үшін мерекелік шара өткізді,- деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

 

Балалар ертегі кейіпкерлері Аладдин мен Жасминнің, Аяз ата мен Қаршақыздың көмегімен жаңажылдық қызықты оқиғаларды бастан кешті және ертеңгілікте балалар сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлерімен кездесті. Сиқырлы көріністер, көңілді ойындар мен сайыстар ешкімді де бейжай қалдырмады. Балалардың барлығы жақсылап көңіл көтеріп, Аяз ата оларға компания дайындаған, тәттілер мен пайдалы медициналық ингалятор-небулайзерлерден тұратын сыйлықтар жинағын тарту етті.

 

Мерекелік шарада НКОК өкілдері құттықтау сөз сөйледі.

 

-Бұл мерекеде балалар сыйлықтар күтетінін бәріміз де білеміз. Бүгінгі күн балалардың естерінде жарқын, жайдары және қуанышты күн ретінде қалады деген үміттеміз, - дейді мерекелік кешті ұйымдастырушылар.

 

Суреттерді түсірген компанияның баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему