Маңғыстау облыстық соты «Сот репортерларының гильдиясы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақта жұмыс істеуге келісті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 11:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты «Сот репортерларының гильдиясы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақта жұмыс істеуге келісті

11 Февраля 2017 (22:47) | 1817 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Ел президенті Н.Назарбаев өткен жылы қараша айында өткен республика судьяларының VII съезіне қатысып, сот корпусының жаңа реформаларды жүзеге асыру барысында атқарған жұыстарымен танысып, өткеніне баға беріп, келешегіне жаңа міндеттер жүктеді. Осы жиында Елбасы сот корпусының жұмысын одан әрі жаңғырту барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етіп, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

Мемлекет басшысының бұған дейінгі де тапсырмалары осы негізге бағытталғандықтан, республика соттары тілші-журналистер қауымымен бұған дейін де байланыс орнатып, ынтымақта қызмет атқарып келген еді.

 

Осы жұмысты одан әрі нығайту мақсатында Маңғыстау облыстық соты мен «Сот репортерларының гильдиясы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

«Сот репортерларының гильдиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері сот-құқық тақырыбына машықтанған журналистерден құралған және олар осы бағытта ақпарат тарату, құқықтық кеңес беру, пікір білдіру секілді қызметтерді атқарады.

 

Аталған меморандумда соттар өздерінің қызметі мен жаңалықтары туралы ақпараттар ұсынуға, ол ақпараттарды қоғамдық бірлестік өкілдері немесе мүшелері өздерінің ресми сайтында, ақпараттық желілерде не өзге бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға мүмкіндік берілді. Сондай-ақ, гильдия мүшелері мен сот өкілдері бірлесе отырып, құқықтық кеңес беруге, баспасөз мәжілістерін, брифинг, кездесулер, семинар мен дөңгелек үстел шараларын өткізуі мүмкін.

 

Сонымен қатар гильдия мүшелері белгілі бір іс бойынша сот отырыстарына қатысуға, ол туралы ақпарат жариялауға, БАҚ өкілдеріне мәлімет таратуға немесе брифинг өткізуге құқылы.

 

Меморандумға Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Қарабаев, облыстық соттың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьясы Айжан Молбаева, «Сот репортерларының гильдиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Байтеловалар қол қойды.

 

Бұл мәліметті біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі ұсынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему