Ұлттық кеңесші әлеуметтік қызметтерді дамыту пилоттық жобасының бағдарламасына қызығушылық танытты
23 Апреля 2018 (17:45) | 1932 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұлттық кеңесші Дамир Кұспановпен кездесу өтті.
Кездесуге Маңғыстау облыстық білім департаментінің, Ақтау қалалық білім басқармасының, қалалық пробация қызметінің, ювеналдық полиция және қорғаушылардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Д.Құспанов Маңғыстау өңірінде жүргізілген халықаралық стандарттарға сәйкес қылмыс бойынша жәбірленуші және куәгер балаларға арналған әлеуметтік қызметтерді дамыту пилоттық жобасының бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты.
Қатысушылар «Мейірім» үкіметтік емес ұйымының бастамасымен іске қосылған осы пилоттық жоба аясында 2 жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, ой-пікірлерімен бөлісті.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Лариса Шамғонова барлық іс-шаралар ЮНИСЕФ бағдарламасы шеңберінде өткізілгенін, өз кезегінде жобаларда «Қазақстан-2050», «Рухани Жаңғыру», «100 нақты қадамның бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бағдарламасы» бойынша тисті талаптар мен міндеттер де қамтылғанын атап өтті.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему