Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде тағайындау
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 06:32
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде тағайындау

13 Октября 2021 (15:35) | 1635 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы ТЖД бастығы М.С. Мұхановтың бұйрығымен "ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Ақтау қаласы) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымына Қанат Дүйсенбайұлы Есназаров тағайындалды.         .

Қанат Есназаров Өзбекстан Республикасының Хожел қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 2012 жылы ҚР ТЖМ  Көкшетау техникалық институтын "Өрт қауіпсіздігі инженері" мамандығы бойынша бітірген.

          2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының курсанты.

           2012 жылдан 2013 жылға дейін Маңғыстау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстары және өрт сөндірушілерді даярлау бөлімінің аға инженері болып жұмыс істеді.

          2013 жылдан 2016 жылдың маусым айына дейін Маңғыстау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесінің бас маманы ретінде қызметін жалғастырды.

          2016 жылдан 2018 жылғы сәуірге дейін Маңғыстау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді.

         2018 жылдан 2019 жылғы сәуірге дейін Маңғыстау облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімін басқарды.

           2019 жылдан 2020 жылғы қыркүйекке дейін Маңғыстау облысы ТЖД Зілзалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы қызметін атқарды

          2020 жылдан 2020 жылға қыркүйекке дейін - Маңғыстау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру қызметі кезекшісінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру басшысының көмекшісі). 

         2020 жылдан 2021 жылдың қаңтарына дейін Маңғыстау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдарының бөлімін басқарды. 

        2021 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қазанына дейін ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Ақтау қаласы) Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің бастығы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы лауазымын атқарды.

       2021 жылғы 8 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін "ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)"мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему