Бірлескен кәсіпорын құрылады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 05:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бірлескен кәсіпорын құрылады

11 Апреля 2016 (13:28) | 2386 | Автор: Редакция

 

Ақтау қаласында төмен вольтты электр моторлары мен генератор жинайтын және жөндейтін бірлескен қазақ-румын кәсіпорны құрылатын болды. Бұл туралы «Маңғыстау индустриалдық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) төрағасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі Нұрбол Оқуов хабарлады. Осыған орай Бухарест электр машинасы зауытының өкілдері (UMEB Elektromotoren) маңғыстаулық кәсіпорындарға жаңа зауыттың жұмысы туралы айтып берді.

 

Айта кету керек, «UMEB Elektromotoren» әлемдегі төмен вольтты электр моторлары мен генератор өндіретін бірінші румындық компания болып табылады. Зауыт өз қызметін 1903 жылы бастаған болатын. Бүгінде «UMEB» кәсіпорнында шығарылатын қозғалтқыштардың 60 % шет елдерге экспортталады, әсіресе Италия, Германия, Финляндия, Испания, Ұлыбритания және т.б.

 

Бұдан былай маңғыстаулық кәсіпорындар өндіріске қажетті аталмыш жабдықтарды сырттан сатып алмай-ақ, жергілікті жерде тапсырыс беретін болды. Әсіресе азық-түлік өнімдерін шығаратын фабрикалар, тоқыма және металлургия өнеркәсібі, химиялық, құрылыс материалдары және т.б. мекемелер тапсырыс берушілер қатарын көбейтеді деп күтілуде.

 

 

«UMEB» Румыниядан бөлек Шығыс Еуропаға да жақсы танылған кәсіпорын.

Зауыттың өнімдері көбіне кенорындарда сұранысқа ие және қазіргі еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген. Негізінен зауытта өндіріс үшфаздық асинхронды қозғалтқыштар, тұрақты тоқ генераторы, ілеспе және электргенераторлар көптеп шығарылады. Электрқозғалтқыштар жарылыс қаупі жоқ ортада көп пайдаланылады: химиялық және мұнайхимиялық, тау-кен және металлургиялық өндіріс, ауыр жүк көтеруге арналған тартқыш қозғалтқыш, қала көлігі, сонымен қатар электргенераторлар мен генератор қондырғысын өндіруші зауыттар тапсырыс берушілер қатарын көбейтіп отыр. Барлық қозғалтқыштар көптеген елдерде кез-келген климатқа төзімді келеді, әсіресе СЕ таңбасын енгізген мекемелерде ешқандай қиындық туғызбайды», - деді «UMEB» қорының Азиядағы өкілдігінің директоры Василий Друмя.

 

Жалпы, жарылу қаупі жоқ электрқозғалтқыштары көбіне газбен, жанармай қоспасы және тез жанғыш сұйықтықтан төнетін өрт немесе басқа да жарылғыш заттарға есептеліп шығарылады. Яғни, сәл қауіп төнетін жерде қозғалтқыштардың жарылу қаупі жоқ.

 

Бұл қозғалтқыштар көбіне химиялық және мұнайхимиялық өндірісінде, мұнай өңдеу зауыттарында, мұнай платформаларда, газ құбыры, фармацевтикалық, графикалық, жылу электр стансаларында, кеме зауыттары, өңдеу өнеркәсібі және оффшор платформаларында пайдаланылады. Сондай-ақ, бұл қозғалтқыштарға қоқысты жинау және қайта өңдеу, нан, қант, күріш, шағын сүт зауыттарынан сұраныс көп.

 

Ал Ақтауда жұмысын бастағалы отырған төмен вольтты электр моторлары мен генератор жинайтын және жөндеу зауыты шаһардағы өндіріс аймағында орналаспақ. Алғашқы кезеңде жергілікті 20 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады. Жаңадан қызметке алынған жергілікті жұмысшылар Румынияда білімдерін жетілдіреді. Ал зауыт өз жұмысын үстіміздегі жылы маусым айында бастайды деп жоспарланған.

 

«Ауыспалы және тұрақты тоқ өндіретін электрқозғалтқыштары, электр агрегаттары мен генераторлары түрлі бағытта шығарылады, әсіресе бір және үшфазды электрагреттарына деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Ең бастысы - біздің өнімдердің сапасына күмән келтірмесеңіздер болды, әркімнен естігенше өндірісте пайдаланып көрген дұрыс, сонда ғана бұл бос сөз емес екендігіне көз жеткізе аласыздар», - деді «BROADHURST INDUSTRIAK MANAGEMENT» қорының президенті Мариус Ион.

 

 

Бұған дейін Атырау және Маңғыстау өңіріндегі ең ірі кәсіпорын басшыларымен кездесулер өткізілген, әсіресе «Теңізшевройл», «NCOC», «KаzTransOil», «ЕмбіМұнайГаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «ӨзенМұнайГаз», «МаңғыстауМұнайГаз» және т.б.

 

Айта кету керек, Ақтау қаласында жүзеге асқалы жатқан бірлескен жобаның маңыздылығына тоқталған мұнайгаз мекеме басшылары ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін жеткізді. Сонымен қатар, болашақта бұл өнімдер Кеден Одағы елдеріне экспортталады деген жоспар бар.

 

Қазіргі уақытта «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ қазақ-румын бірлескен кәсіпорынның бизнес-жобасын сүйемелдеумен айналысуда.

 

«Біздің сарапшылар мониторинг жүргізген болатын, нәтижесінде талдау қорытындысы көрсеткендей, аймаққа мұндай кәсіпорынның керек екендігіне көз жеткіздік. Руымындық әріптестермен келіссөздер жүргізген соң, серіктестікті әділет органында тіркеу, экономикалық және заңды мәселелер жөнінде кеңестер, жергілікті кәсіпорын басшыларымен екіжақты кездесулер ұйымдастыру және тағы басқа жұмыстарды қолға алдық. Аталмыш қызмет түрлері біздің тарапымыздан тегін көрсетілуде», - деді «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ төрағасы Ғалымжан Балтілеу.

 

Айта кету керек, 113-жылдық тарихы бар румындық «UMEB» компаниясы өз елінен бөлек өзге мемлекетте бірлескен кәсіпорын ашу туралы шешім қабылдаған және сенімді серіктес ретінде Қазақстанды таңдапты. Бұл біздің еліміз үшін әлемдік аренада мәртебесінің тағы бір көтірелгенін көрсетсе керек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему