МАҢҒЫСТАУДА 3 АДАМ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРДЫ
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 11:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

МАҢҒЫСТАУДА 3 АДАМ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРДЫ

4 Апреля 2020 (12:36) | 3757 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгінгі таңда облыс  бойынша 3 науқас  анықталды. 3 сәуірде белгілі болған 2 науқас бір жанұядан ерлі зайыптылар. Жағдайлары орташа ауыр, инфекциялық  бөлімге бокс палаталарға жатқызылды. Зертханалық және диагностикалық тексерістер жүргізілуде, барлық ем шаралары басталды. Қосымша бейінді маман дәрігерлері жұмылдырылды.  

 

 

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысының Коммуникациялар орталығында өткен шұғыл брифинг барысында мамандар баяндады.

 

50 жастағы ер адам Қызылорда облысының тумасы. Ақтауға жұмыс бабымен әйелімен және 9 айлық қызымен 12 наурыз күні келген. Ақтаудағы жеке компания директорының кеңесшісі. Науқастың әйелінен де коронавирус инфекциясы анықталды. Ал, баласына жүргізілген сараптама нәтижесі теріс болып шықты.

 

Айта кетейік, науқас 4 күн бұрын жеке емханаға хабарласып, ақылы дәргерлік қызметке жүгінген. Хроникалық бронхит диагнозы қойылып, ем тағайындалған. Науқаспен байланыста болған клиниканың 5 қызметкері де окшауланып, провизорлық госпитальге жатқызылды.       

 

Инфекцияны жұқтырған ер адамның 2-рет такси қызметіне жүгінгені анықталды. Екі такси жүргізушісі өздері хабарласып, оқшауланды. Қазір карантинде жатыр. Жалпы, науқастармен байланыста болған 42 адам оқшауланды.  Оның 10-ы провизорлық госпитальде жатыр. Қалғаны үй карантинінде, дәрігерлердің бақылауында.

 

Науқастар уақытша тұрып жатқан Ақтау қаласындағы 11 шағын ауданда орналасқан 10-үйдің подъезді карантинге жабылды. Карантинге жабу кезінде сол үйдегі бір пәтерге қонаққа келген Бейнеу ауданының тұрғыны 3-қабаттан секіріп, қашпақшы болады. Омыртқасын сындырып алып, қазір ауруханада жатыр.

 

Сол себепті,  өңір тұрғындарын үйден шықпауға шақырамыз. Қызуы көтеріліп, тұмау белгілері білінген бойда, жеке клиникалар, аурухана, емханаларға бармай, жедел жәрдемге немесе емханаға қоңырау шалып, жағдайын баяндауы тиіс.  

 

Қазіргі таңда облыс бойынша 19 дәрігер, 115 орта буын мейірбике, 52 кіші буын қызметкер қызмет етуде. Жеке қорғаныш құралдары жеткілікті. Күні кеше аймаққа қосымша 560 көп реттік қорғаныш костюмдері келді.

 

Барлық тұрғындарға айтарымыз үйде отырып, карантин ережелерін сақтаңыздар!

 

Сурет сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему