Маңғыстауда тергеу соты ашылды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 07:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда тергеу соты ашылды

2 Августа 2018 (09:08) | 4669 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

 

 

Аталған іс-шараға азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, Соттар әкімшісінің басшысының м.а. Аманбек Калпаков, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Іс-шарада сөз алған Нұрсапа Примашев осы жылдың қаңтар айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мамандандырылған тергеу соттарын құру және Қазақстан Республикасы соттарының кейбір кадрлық мәселелері» туралы Жарлыққа қол қойғанын және тергеу судьясының лауазымы Қазақстанда 2015 жылы енгізілгенін атап өтті.

 

 

Сондай-ақ, ол жасырын тергеу амалдарын санкциялау, құпиялылықты сақтау, мүлікке тыйым салу жұмыстарының, тергеу судьяларының басқа да өкілеттіктері туралы айтып, тергеу кезінде қорғау мен айыптау тараптарының жарыспалылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Елемесов Бауыржан Мұнайлы аудандық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы болып тағайындалды.

 

Ал, Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы болып Ақтау қалалық сотының судьясы қызметінен босатылған Ғабиден Орахов тағайындалды.

 

 

Нұрсапа Примашев жоғарыда көрсетілген судьяларды құттықтай отыра, заң үстемдігінің игілігі және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту жолындағы қызметте сәттілік тіледі.

 

Бұл ақжолтай жаңалықты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему