Маңғыстауда эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді
7 Октября 2021 (16:10) | 1256 | Автор: Редакция
Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлім етті.
«Соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 234 науқас жазылып шаққан. Реанимациялық төсек саны 57. Бүгінде төсек орын толымдылығы 33,3% құрайды. Резервте 1 165 төсек орын бар», - деді Аманбек Жұмыров.
Спикердің айтуынша, қазір ауа райының күрт салқындауына байланысты маусымдық аурулар деңгейінің өсу қаупі туындап отыр. Мәселен, өңірде бір күннің ішінде респираторлық вирустық инфекцияның 83 жағдайы тіркелді.
«Қазіргі таңда 53 жедел жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. 6 қазан күні облыс көлемінде барлығы 606 шақырту түскен. Оның ішінде коронавирус індеті – 2 жағдай, пневмония – 4 жағдай, ал ОРВИ бойынша 83 жағдай. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері коронавирус инфекциясын жұқтырған 142 адамды оқшауға алды. Оларды емдеуге 103 мобильдік бригада ұйымдастырылған», - деді Аманбек Жұмыров.
Брифингіге Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Көркінбаева қатысты. Ол өңір тұрғындарын санитарлық шараларды сақтауға шақырды.
«Ауру жұқтыру қаупін төмендету үшін адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тартқан абзал. Бетперде режимін сақтап, қолды жиі жуып, антисептикті қолданыңыз», -деді Гүлнар Көркінбаева.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему