Ақтаудағы «Ақбота» саябағының жаңа жобасы ұсынылды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 21:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы «Ақбота» саябағының жаңа жобасы ұсынылды

18 Марта 2022 (14:11) | 2342 | Автор: Редакция

Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте  Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен сенімгерлік басқарушы компанияның өкілі Наз Баудин «Ақбота» саябағының жаңа жобасын ұсынды.

 

Саябақты жаңарту мақсатында қала әкімдігі сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдап, өткен жылдың соңында «Rent Service» ЖШС жеңімпаз болып анықталған болатын. Сенімгерлік компанияға техникалық талаптарға сәйкес бірнеше міндеттер жүктелген.

 - 2016-2017 жылдары Ақтау қалалық әкімдігімен саябақты жандандыру мақсатында кәсіпкерлер арасында қол қойылған меморандум негізінде кәсіпкерлер тиісті міндемелерді жеткілікті деңгейде орындамады. Салдарынан қазіргі таңда келісімшартты бұзу үшін, сот процесі жүріп жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің белгіленген орындарын босатпауына байланысты жаңадан басталатын жұмыстар да сәйкесінше кешіктірілуде. Бірақ біз сенімгерлік басқарушы компаниямен келіссөздер жүргізіп, саябақтың қала үшін маңыздылығын ескере отырып, жұмыстарды бастай беруді өтіндік,-деді Нұрдәулет Қилыбай.

 Басқарушы компанияның өкілі Наз Баудиннің айтуынша саябақты жаңарту жобасы 4 аймаққа бөліп қарастырылған. Алғашқы жұмыстар 15-мамырға дейін басталады.

 - Жаңа жобаға сәйкес біз саябақты жасыл баққа айналдыруды көздеп отырмыз. Ол үшін ең бірінші саябақтың периметрі бойынша 500-ге жуық көшет отырғызылады. Сурау үшін автоматты жүйе іске қосылады. Ал, 1-мамырға дейін күзет бекеті қойылып, бейнекамералар орнатылып бастайды. Сонымен қатар, қоғамдық әжетханалар ашылады, - дейді жоба жетекшісі.

 Одан өзге саябақ аумағында ашық жасанды мұз айдыны, балалар ойын алаңдары мен аттракциондар және кәсіпкерлік нысандар ашылмақ. Ең бастысы саябаққа кіру тегін болады.

Басқарушы компания аталған жұмыстарды өз қаражаты есебінен кезең-кезеңімен жүзеге асырмақ.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему